Корея Республикасының Қазақстандағы Елшілігі Байзақ ауданында жарылыстан қаза тапқандарды еске алып, мемлекеттік туын түсірді, деп жазады Egemen.kz.
Корея Республикасының Қазақстан Республикасындағы елшілігі 2021 жылғы 26 тамызда Қазақстан Республикасының Жамбыл облысы Байзақ аймағындағы әскери бөлімде болған жарылыс салдарынан қаза тапқандарды еске алды. Елшілік Жалпыұлттық аза тұту күнінде елшілік ғимаратында Корея Республикасының мемлекеттік туы төмен түсірді.
«Жарылыста қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасы мен туған-туыстарының қайғысына ортақтасып көңіл айтамын. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың көшбасшылығымен оқиғаның салдары тез арада жойылып, қалпына келтіріледі деп сенемін», деді Корея Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Ку Хонг-сок.