• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Әлем 30 Тамыз, 2021

Ауғанстандық спортшылар Паралимпиадаға қатысады

133 рет
көрсетілді

Халықаралық паралимпиада комитетінің хабарлауынша, Пара­лим­­пиадаға қатысу үшін Ауғанстаннан Токиоға екі спортшы келді.

Закия Худадади мен Хосейн Расули өткен аптаның соңында құтқарылған. Олар «Талибан» бақылауындағы елден Францияға эвакуацияланды.

«Закия мен Хосейн Токио-2020 Паралимпия ойындарына қатыспақ. Олар қазір өз армандарын орындау үшін Токиоға келді. Осылайша,  әлемнің көптеген еліне үміт сәулесін сыйлады», деді комитет басшысы Эндрю Парсонс.

Екі спортшы Ауғанстаннан Францияға жеткі­зілген соң, бір апта Парижде Францияның спорт министр­лігінің оқу орталығында болған. Олар сенбі күні кешке Токиодағы Паралимпиадалық ауылға жетті.

Худадади 2 қыркүйекте әйелдер арасында таэквондодан 44-49 кг салмақ дәрежесінде сынға түседі, ал Расули ерлер арасындағы жеңіл атлетика бәсекесінде 400 метрге жүгіреді.