• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Әлем 31 Тамыз, 2021

Тәліптер жетекшілерінің суретін жариялады

449 рет
көрсетілді

«Талибан» қозғалысының өкілдері Ауғанстанда билікті қолына алғаннан кейін алғаш рет жетекшісі Хайбатулла Ахундзаданың суретін жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұл туралы Sputnik Ауғанстан Telegram-каналы мәлімдеді.«Бірқатар ақпарат көзі «Талибан» жетекшісін өлді деп есептеді. Бұл - ол туралы ұзақ уақыт ақпарат шықпағаннан бергі алғашқы суреті», деп жазады Telegram-канал.

«Талибан» көшбасшысының суретін алғаш болып Twitter-де ауған журналисі Муслим Ширзад жариялады. Ол жергілікті саяси шолушы Назар Мохаммад Мотмаэнге сілтеме жасады.

Бірақ желі қолданушылар бұл сурет екі жыл бұрын түсірілгенін айтып жатыр.

29 тамызда БАҚ Ахундзада Ауғанстанға келгенін хабарлаған. Америкалық әскерилер Ауғанстан аумағында болған кезде, молда Пәкістанда жасырынып жүрген. Қазіргі уақытта ол Кандагарда және «Талибанның» басқа басшыларымен кездесулер өткізіп жатқаны айтылады.

Тәліптер Ахундзаданы «Ауғанстан Ислам Әмірлігінің» жоғарғы басшысы деп атайды. Бірақ Ауғанстанның жаңа басшысы тағайындалғаны және билік «Талибанға» ауысқаны туралы әлі ресми деңгейде хабарланған жоқ.