Токио қаласындағы Паралимпиада ойындарында әйелдер арасында 100 метрге еркін жүзуден іріктеу өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жарысқа қазақстандық спортшы Әлия Рахымбекова қатысты. Старт қорытындылары бойынша Әлия қашықтықты 1:12.45 минут уақытта өтіп, өз тобында бесінші орын алған.
Жалпы хаттамада Әлия финалға өткен «сегіздікке» кіре алмай, оныншы орыннан көрінді.
Еске сала кетсек, бұған дейін Рахымбекова шалқалап жүзу бойынша жүз метрлік жарысқа қатысып, сегізінші орынды қанағат тұтқан еді.
Токиодағы Паралимпиада ойындары 5 қыркүйекке дейін жалғасады, онда Қазақстанның намысын 25 спортшы қорғап жүр.