• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
Әлем 31 Тамыз, 2021

АҚШ Ауғанстанда қанша әскері қаза болғанын айтты

380 рет
көрсетілді

АҚШ әскері Ауғанстанда болған 20 жыл ішінде 2 мыңнан аса қызметкерден айырылған. Бұл туралы АҚШ Қарулы Күштері Орталық қолбасшылығының (USCENTCOM) басшысы мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Әскердің шығарылуымен АҚШ-тың Ауғанстандағы жиырма жылдық миссиясы аяқталады. 20 жыл ішінде АҚШ әскери және азаматтық күштері арасында 2461 адам қаза тауып, 20 мыңнан астам адам жараланды», деді ол.

Бір күн бұрын Кабул әуежайынан соңғы америкалық әскери ұшақ кеткені хабарланды. Al-Jazeera телеарнасына дереккөз берген мәлімет бойлынша, АҚШ әскерлерінің шығарылуы аяқталғаннан кейін Кабул халықаралық әуежайы «Талибан» қозғалысының толық бақылауына өтті (Қазақстанда тыйым салынған радикалды ұйым).

Бұған дейін «Талибан» қозғалысы АҚШ күштерін шығарудың соңғы күні - 31 тамыз болатынын мәлімдеген.