Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған қырғызстандық әріптесі Садыр Жапаровпен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы Түркия президенті әкімшілігінің қоғаммен байланыс бөлімінің хабарламасында айтылған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әңгіме барысында Түркия мен Қырғызстан арасындағы қарым-қатынасты одан әрі дамыту қадамдары, сондай-ақ аймақтық мәселелер талқыланды.
Садри Жапаров Түркия мемлекетінің басшысын Түркияда тойланатын Жеңіс күнімен құттықтады.
Президент Ердоған Садыр Жапаровты Қырғызстан тәуелсіздігінің 30 жылдығымен құттықтады.
Түрік басшысы Түркияның Қырғызстанның тәуелсіздігін мойындаған және Бішкекте елшілігін ашқан бірінші ел екенін еске салды.
Түркия мемлекетінің басшысы Түркия бауырлас Қырғызстанның тұрақтылығына, өркендеуі мен дамуына өз үлесін қосатынына сендірді.
Ол кейінгі 30 жылда Түркия мен Қырғызстан арасындағы қарым-қатынас барлық салада дамып келе жатқанын айтты.
Сондай-ақ 2021 жылы екіжақты қарым-қатынастардың стратегиялық серіктестік деңгейіне көтерілгеніне 10 жыл толатынын еске салды.