Құрметті отандастар!
Елбасымыздың басшылығымен Қазақстан халқы экономикасы қарқынды дамыған тұрақты қоғам мен демократиялық мемлекет құрды.
Тәуелсіздік жылдарында тарихи мақсат орындалды – мемлекеттілік қалыптастырылды. Бұл – барша қазақстандықтардың бірлігі мен ынтымағының, қажыр-қайраты мен тынымсыз еңбегінің, ортақ мақсаты мен үкілеген үмітінің жемісі.
Құрметті отандастар!
Елбасымыздың басшылығымен Қазақстан халқы экономикасы қарқынды дамыған тұрақты қоғам мен демократиялық мемлекет құрды.
Тәуелсіздік жылдарында тарихи мақсат орындалды – мемлекеттілік қалыптастырылды. Бұл – барша қазақстандықтардың бірлігі мен ынтымағының, қажыр-қайраты мен тынымсыз еңбегінің, ортақ мақсаты мен үкілеген үмітінің жемісі.
Елбасының «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы еліміздің жаңа кезеңдегі дамуының бастауы болып, мемлекетіміздің ұзақмерзімді бағытын айқындап берді.
2014 жылдың 17 қаңтарындағы Жолдауында Мемлекет басшысы әлемдегі ең дамыған отыз елдің қатарына қосылуға қатысты нақты тұжырымдамалық бағдарды ұсынды.
Жолдауда Елбасы Стратегияны жүзеге асырудың төрт негізгі ұстанымын белгілеп берді: қабылданатын барлық шешімдердің прагматизмі мен эволюциялылығы; өзара тиімді ашықтық, қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыру мен бүкілхалықтық қолдау қағидаты.
Табысқа жетудің маңызды факторы – алға қойған мақсаттарды кезең-кезеңімен жүзеге асыру және еліміздегі азаматтардың өмір сапасының жыл өткен сайын жақсара түсуіне ықыласты болу.
Біз, Жалпыұлттық демократиялық күштер коалициясының мүшелері, жаңа Жолдауда көрсетілген барлық мақсат-міндеттер өміршең және жүзеге асырылатын, ал жиналған мол тәжірибе мен Қазақстанның қазіргі жетістіктері болашаққа қарқынды ұмтылыстың сенімді негізі болып табылады деп санаймыз.
Стратегияны жүзеге асырудағы өткен жылғы атқарылған жұмыс Елбасы белгілеген жолмен Қазақстан қарыштап қадам басқанын көрсетті.
Тұңғыш рет еліміздің тарихында мемлекеттік басқару жүйесінің ауқымды саяси реформасы жүргізілді. Жергілікті биліктің сайлануы, мемлекеттік органдар қызметінің ашықтық пен есептілігін нығайту, өңірлік маңызды мәселелердің шешілуінде тұрғындардың мүмкіндігін кеңейту, қоғамдық бақылау тетіктерін күшейту қоғам мен билік қарым-қатынасының тиімділігін арттырды.
Ықшам, кәсіби мемлекеттік аппаратты жасақтау үшін меритократия және бәсекелестік қағидаттарына негізделген әкімшілік реформаның маңызды кезеңі басталды.
Үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту бағдарламасын жүзеге асырудың нақты нәтижесі экономиканың мүлде жаңа салаларын – автомобиль, авиақұрылыс, тепловоз, жолаушы және жүк вагондары өндірісінің ашылуына себепкер болды.
Мемлекет басшысы тәуелсіз даму жылдарындағы басты жетістігіміз еліміздің кемел келешегін қалыптастырған барша қазақстандықтарды біріктірген құндылықтар болып табылатынын атап өтті.
Біз Қазақстан халқын Елбасы атаған басты құндылықтардың төңірегіне топтасуға шақырамыз. Олар:
• Қазақстанның тәуелсіздігі және мемлекетіміздің өркендеуінің нышаны Астана.
• Қоғамымыздағы ұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісім.
• Зайырлы қоғам және жоғары руханият.
• Индустрияландыру мен инновацияларға негізделген экономикалық өсім.
• Жоғары әлеуметтік стандарттарға сай Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы.
• Тарихтың, мәдениет пен тілдің ортақтығы.
• Еліміздің ұлттық қауіпсіздігі және бүкіләлемдік, өңірлік мәселелерді шешуге жаһандық тұрғыдан қатысуы.
Ұрпақтар сабақтастығын, өзара қолдау дәстүрін қамтамасыз ету арқылы осы құндылықтарды еселеу – біздің мемлекеттілігімізді дамыту мен тәуелсіздігімізді нығайтудың кепілі.
Бұл құндылықтардың барлығы халықтың ынтымағын нығайтып, «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясын қалыптастыруға әкелді.
Елбасының сындарлы саясатының арқасында біздің жас мемлекетіміздің әлемдегі ең дамыған елдер қатарынан табылуына, өз тағдырын таңдауына, әлемдік өркениетте халқымыздың бірегей мәдени және тарихи мұрасының белгіленуіне тарихи мүмкіндік туғызды.
Қазақстанның жетістігі – әрбір Қазақстан отбасының, әрбір азаматымыздың жеңісі.
Бүгінде Жалпыұлттық демократиялық күштер коалициясы билік пен азаматтық қоғам арасына дәнекер бола отырып, кең көлемдегі пікір алмасу алаңына айналды.
«Қазақстан-2050» Стратегиясын жүзеге асыру аясындағы біздің басты мақсатымыз – Қазақстан жолының мақсат-мұраттарына бүкілхалықтық қолдауды қамтамасыз ету.
Біз, Қазақстанның Жалпыұлттық демократиялық күштер коалициясының мүшелері, Елбасы бастамасын барынша қолдай отырып, Қазақстан мемлекеттілігін, тәуелсіздік пен егемендікті нығайтуға ынталымыз.
Жолдау бізге, Қазақстан азаматтарына бағытталған. Сондықтан барша қазақстандықтарды көрегенділік пен бірлігі баянды халық болып қалыптасқандығымызды танытуға және біздің ортақ үйіміз – Қазақстан-2050-ді бірге құруға шақырамыз!