• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Білім 01 Қыркүйек, 2021

Оқу ордасы – Әлихан атында

261 рет
көрсетілді

Семей қаласындағы Қа­зақ инновациялық-гума­нитарлық заң универ­си­тетіне Әлихан Бөкейхан­ның есімі берілді. Енді оқу орны Alikhan Bokeikhan University деп атала­ды. Осы­­ған орай оқу ордасы­ның алдынан Алаш көсе­мі­нің бюсті ашылды.

«Замана ағысында ұлт көш­басшысы болған тұлға есімінің универ­ситетімізге берілуінің тарихи негізі бар. Бұл сонымен қатар университет құрылтайшылары мен білім алушыларының ел мен Семей қаласы тарихына және ұлттық мүддені ту етіп көтерген Әлихан Бөкейхан бастаған Алаш қозғалысы қайраткерлерінің тарихи қызметіне көрсеткен құрмет», деді университет ректоры Шынар Құрманбаева.

Әлихан Бөкейханның есі­мін республика көлеміндегі бе­делді университетке беру жө­нін­дегі ұсыныстар 2011 жыл­дар­дан бастап, жиі айтылып ке­леді. Әлиханға арналған әр­түр­лі ғылыми шаралар мен кон­фе­ренциялардың қорытынды қарар­ларында осы мәселе бірнеше мәрте көтерілген болатын.

Алаш көсемінің туғанына 155 жыл толуына орай Семей қала­сында «Әлиханның Семейге оралуы» атты ғылыми конференция өткенін де айта кетейік.