• RUB:
    5.18
  • USD:
    514.93
  • EUR:
    536.04
Басты сайтқа өту
Экономика 01 Қыркүйек, 2021

Пандемия кезінде азаматтарға ауқымды көмек көрсетілді – Қ.Тоқаев

434 рет
көрсетілді

ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялауда, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Қазақстан халқы биылғы Жолдауым мынандай мәселеге айналды. Бірінші – пандемиядан кейінгі кезеңдегі экономикалық даму. Орталық Азия бойынша экономикасы ең ауқымды ел саналатын Қазақстан пандемияның зардабын тартып жатыр. Қиындықтарға қарамастан бағдарымызды берік ұстанып келеміз. Біз 2025 жылға дейін дамудың Ұлттық жоспары мен мемлекеттік жоспарлаудың жаңа жүйесін қабылдадық. Ұлттық жобалар бекітіледі. Стратегиялық мақсатымыз – Орталық Азиядағы көшбашсылық орнымызды күшейту және әлемдік деңгейде экономикамызды нығайту», деді ол.

Тоқаев Ұлттық компаниялар мен еншілес компаниялар қысқартылғанын айтты.

«Пандемия кезінде мемлекет азаматтарға ауқымды көмек көрсетті. Сондай-ақ 70 мың жұмыс орны ашылды. Өндірілген өнім мен қызметтің құны 3,5 трлн болды. 66 мың жоба мемлекет тарапынан қолдау тапты. Бұл 150 мыңнан астам жұмыс орнын ашып, сақтап қалуға мүмкіндік берді», деді Мемлекет басшысы.