• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
24 Қаңтар, 2014

Келешекке – кең өріс

262 рет
көрсетілді

Тұңғыш Президентіміз тәуел­сіздік алған күннен бас­тап, үне­мі халықтың намысын қай­рап, жігерін жанып, әрқашанда өрке­ниет­ке ұмтылған ұзақ мерзімді мақ­саттар мен міндеттер қойып келеді. Соның нәтижесінде еліміз кейбір дамыған мемлекеттердің өздерін сүріндірген ауыр кезең­­дер­ден қиналмай өтіп, барша­ны таңғалдырған айтулы табыс­тарға қол жеткізді. Дамудың қа­зақ­стандық үлгісін қалыптастыра оты­рып, беделі биік, абыройы жоға­ры, қуатты мемлекетке айналды.

Тұңғыш Президентіміз тәуел­сіздік алған күннен бас­тап, үне­мі халықтың намысын қай­рап, жігерін жанып, әрқашанда өрке­ниет­ке ұмтылған ұзақ мерзімді мақ­саттар мен міндеттер қойып келеді. Соның нәтижесінде еліміз кейбір дамыған мемлекеттердің өздерін сүріндірген ауыр кезең­­дер­ден қиналмай өтіп, барша­ны таңғалдырған айтулы табыс­тарға қол жеткізді. Дамудың қа­зақ­стандық үлгісін қалыптастыра оты­рып, беделі биік, абыройы жоға­ры, қуатты мемлекетке айналды.

Әрине, бүгінгідей ғарыштық жылдамдықпен алға басқан уақыт­та бір сәтке де кідіріп қалуға болмайды. Сол үшін Елбасымыз «Қазақстан-2050» Стратегиясын жүзеге асырудың жолдары мен тактикасын нақты белгіленген тың идеяларын жария етіп отыр. Бұл – елдің алыс болашағын болжай білетін, өз халқына шынайы қамқорлық, жанашырлық жасай алатын кемеңгер саясаткердің, дара тұлғаның ғана қолынан келе­тін тарихи іс. Елбасы өз Жол­дауында: «Басты мақсат – Қазақ­станның ең дамыған 30 мемле­кет­тің қатарына қосылуы. Ол – «Мәңгілік Қазақстан» жобасы, ел тарихындағы біз аяқ басатын жаңа дәуірдің кемел келбеті», деп атап көрсетті. Елбасы өз Жолдауында Қазақстанның әлемдегі ең дамы­ған 30 елдің қатарына кіру тұжы­рымдамасындағы жеті басым бағытты саралап берді. Және даму­дың бұл жолын екі кезеңге бөле отырып, Үкімет пен Ұлттық Банкке биылғы жылы атқаруға тиісті тағы да жеті нақты тапсырма берді. Сондықтан, тәуелсіз Қазақстанның тарихында тағы бір жаңа кезең бас­талды деуге болады.

Мемлекетіміздің ішкі және сырт­қы саясатын нақты айқындап, әлеу­меттік-экономикалық да­­муымызды терең де жан-жақ­ты қамтыған бұл Жолдау – еліміз­дің алдағы даму перспективаларын кезең-кезеңмен белгілеп, өткен жылдың соңында «Нұр Отан» партиясының ХV съезінде қабылданған Доктринамен тығыз үндесіп жатқан жаңа сая­си бағдарлама. Елбасының Жолдауындағы: «Қазақстан-2050» Стратегиясының түп қазығы – Мәңгілік Ел. Мәңгілік Ел – ата-бабаларымыздың сан мың жылдардан бергі асыл арманы. Ол арман – тұрмысы бақуатты, түтіні түзу ұшқан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты Ел болу еді», деп атап өтуі елдің тұрмысын жақсартуға, әлеуметтік салаларды дамытуға бағытталған партияның Доктринасымен тікелей сабақтасып жатыр. Осыны ескере отырып, Елбасы: «Жолдаудың мақсаттары мен міндеттерін жү­зе­­ге асыру жөніндегі нақты шара­лардан әрбір қазақстандық хабар­­дар болуы қажет. Бұл «Нұр Отан» партиясы қызметінің негізгі мәселелерінің біріне айналды деп се­немін», деп атап көрсетті. Демек, бұл әрбір нұротандыққа жүк­тел­ген зор жауапкершілік. Оған ал­матылықтар белсенді атсалысатын болады. Нұротандықтар қазірдің өзінде жаңа Жолдауды ерекше ықыласпен қабылдап, бірауыздан қолдау білдіруде.

Осыған дейін «Ең басты стратегия – халықтың әл-ауқатын арт­тыру» деген айқын формуламен ілгерілеп келе жатқан жас мем­лекетіміздің саяси реформа­лары экономикалық даму бағ­дар­ламаларымен тығыз ұштасып отырғанын өзге жұрттар да көріп, біліп отыр. Сол себепті, қазақ­стандық даму жолына ха­лық­аралық дәрежедегі қоғамдастық лайықты бағасын беріп, әлемдік бағдарламаларға жетекшілік жасау орайында елімізге үлкен сенім көрсетті. Соның айқын бір көрінісі – алдағы уақытта өтетін ЭКСПО-2017 көрмесі.

Әлемдегі 50 дамыған мемлекет қатарына қосылған елімізде байыпты өсу бар, халықтың әлеу­меттік тұрмысында тұрақты ілге­рілеу бар. Оны алысқа бармай-ақ, алматылықтардың бүгінгі тұр­мысының өскенінен де байқауға болады. Қала әкімі, партиямыздың қалалық филиалының төрағасы Ахметжан Есімовтің қолдауымен партия өкілдері тұрақты түрде Индустрияландыру картасына қа­тысушы өндiрiстiк нысандарды аралап, ондағы жұмыс барысын үнемі назарда ұстап отырады. Мысалы, жыл қорытындысында жүргізілген мониторинг бойынша Индустрияландыру картасына енген 29 жоба аясында: қала метрополитені, радиобайланыс құралдар зауыты, дәрі-дәрмек шығару сияқты, т.б. нысандарда жаңа жұмыс орындары көптеп ашылып жатқанын мақтанышпен атап өтуге болады. Бұл күнде шағын және орта бизнес саласында қызмет жасайтын қа­лалықтардың саны 370 мың­нан асты. Алматыдағы жан басы­на шаққандағы ішкі жал­пы өнім еуропалық дамыған мем­лекет­тердің көрсеткішіне тең бо­лып отыр. Тұрақты еңбек пен табыс­тың нәтижесінде орташа жала­қы республика бойынша алдың­ғы орынға шықты. Әрбір үшін­ші алма­тылық автокөлік мініп жүр. Нәрес­телердің дүниеге келуі соң­ғы үш жылда екі есеге көбейді. Ел тұ­р­­мы­сының өсуі дегеніміз осы болар.

Сондай-ақ, қаланың өз келбеті де ажарланып, инфрақұрылымы жетіліп, мәдениеті өркендеу жолы­на түсті. Еліміздегі білім мен ілі­мі­нің рухани көш басшысы саналатын шаһарымызда театр, спорт сарайы, мектеп, балабақшалар ашылып, басқа да әлеуметтік нысандардың құрылыстары қызу жүріп жатыр. Мысалы, Халықаралық шаңғы кешені көпшіліктің жиі бас қосатын спорт-демалыс орнына айналды. Алдағы уақытта студент жастардың қысқы Универсиадасы өтпек. Оған дайындық жұмыстары жан-жақты жүргізілуде. Міне, осы жетістіктердің барлығын біз халқымыздың игілігі ретінде қастерлеп, дамыта білуіміз керек. Мұның бәрін Елбасы жинақтап: «Бұл құндылықтар – уақыт сынынан өткен қазақстандық жол тәжірибесі», деп айқындады. Және оны тағы да жеті салаға бөліп, «Жаңа қазақстандық патрио­тизм­нің идеялық негізі осы мемлекет құраушы, жалпыұлттық құнды­лықтарда жатыр», деп атап көр­сетті. Бұл жерде қазақ үшін кие­лі болып табылатын 7 саны­ның да қайталанып келуі тегін бол­маса керек. Оны біз Мәңгілік Елдің сәтті жеті қадамы деп түсін­сек те болғандай. Соның бәрін­де нұр­отандықтардың қосқан қомақты үлесі бар.

Бүгінде 70 мыңнан астам мү­ше­сі бар Алматы қалалық филиалы республикамыздағы ең үлкен саяси ұйымның біріне айналып отыр. Жоғарыда айтқанымдай, олар бар­лық әлеуметтік-экономикалық, ру­хани саладағы дамуға барынша атсалысып, өздерінің күш-жігерін алғаусыз арнауда. Бұл ұйымшылдық өз жемісін беруде. Оның бір ғана айқын мысалы – Алматы қалалық партия ұйымы «Нұр Отан» партиясының сайлауалды тұғырнамасында белгіленген «Ұлттық іс-қимыл жоспарын» жыл сайын асыра орындап келеді. Жаңаша жұмыс кезеңіне шыққан партиямыздағы үлкен өзгерістер мен жаңаруларды қалың жұртшылық көріп отыр. Партия белгілеген міндеттерге орай, қалалық филиалдың ұйым­дастыру қызметі одан әрі жаңар­тылып, бастауыш партия ұйым­дарының рөлін арттыру жолындағы нақты шаралар жүзеге асырылуда. Елбасымыз бастаған, туған елі қостаған жаңғыртулар мен өз­герістер партиямызға да оң ық­палын тигізді. Кемел келешекке кең жол ашатын осынау тарихи Жолдау еліміздегі жарқын істерді жаңа белестерге жетелейтініне күмән жоқ.

Кенжехан МАТЫЖАНОВ,

«Нұр Отан» партиясы Алматы қалалық

филиалы төрағасының бірінші орынбасары,

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.

Соңғы жаңалықтар