• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.66
  • EUR:
    475.14
Басты сайтқа өту
Президент 01 Қыркүйек, 2021

Өңірлердің қаржылық дербестігі артады

156 рет
көрсетілді

«2020 жылдан бастап шағын және орта бизнестен түсетін корпоративті табыс салығы жергілікті бюджетке берілді. Содан бері экономикалық белсенділік төмендегеніне қарамастан, жергілікті бюджеттердің түсімі жоспардағыдан 25 пайызға артық түсе бастады. Бұл әкімдердің жергілікті бизнесті дамытып, инвестициялар мен салықтық базаны көбейтуге қызығушылық артқанын білдіреді» деді Қасым-Жомарт Тоқаев, деп жазады Egemen.kz.

«Осы бағыттағы жұмысты жалғастыру керек.Үкіметтен жыл соңына дейін тиісті ұсыныстар топтамасын әзірлеуді сұраймын. Қазақстан орнықты урбанизация үрдісімен келе жатыр. Тұрғын саны миллионнан асатын қалалар еліміздің жаһандық бәсекелік қабілетінің тірегі, ал облыс орталықтары өз өңірлері өсімінің өзегі болуға тиіс. Сондықтан, агломерацияны дамыту туралы заң мен қалалардың кешенді құрылысының жаңа стандартын әзірлеу керек», деді Президент.

 

Соңғы жаңалықтар