• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
24 Қаңтар, 2014

Ендігі кезек – ауыз су

Мортық ауылының тұрғындары “Мегастрой” компаниясының басшысы Бақытжан Ахметовке дән риза. Қолы ашық азамат екі айдың ішінде клуб үйін күрделі жөндеуден өткізіп, ауылдастарына үлкен сый жасады. «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы аясында 10 миллион теңге қаражат жұмсалып, кірсе шыққысыздай етті. Қазір мәдениет ошағы жастар үшін әртүрлі ойын-сауық, мерекелік шара орта­лы­ғына айналған. Іші жылы, музыка бір үзіл­мейді.

Ауылдағы өзекті мәселелер – су мен жол. Тіршілік нәрін жеткізуге 240 миллион теңге бөлін­генін естіп, қатты қуанып отырмыз. Қазірдің өзінде су құбырларының орны анықталып, қазылып қойылды. Көктемге қарай 17 колонка іске қосу жобаланып отыр.

Мемлекеттік қол­­дау­дың шапағатын жеке адамдар да көріп отыр. Мәселен, “Сыбаға” бағ­дар­ламасы бойынша Ерғали Азмағамбетов 11 миллион теңгеге оншақты ірі қара сатып алып, 3 кісіге жұмыс тауып берді.

Бағлан САДЫҚОВА,

Мортық ауылдық клубының

меңгерушісі.

Солтүстік Қазақстан облысы,

Уәлиханов ауданы.

Соңғы жаңалықтар