• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Медицина 02 Қыркүйек, 2021

20 заманауи аурухана мен 2 инновациялық орталық салынады

166 рет
көрсетілді

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Үкімет отырысында айтты, деп жазады Egemen.kz.

Мемлекет басшысы Денсаулық сақтау министрлігіне биоқауіпсіздіктің ұлттық жоспарын әзірлеуді тапсырды.

«Осы тапсырманы жүзеге асыру мақсатында біз биологиялық қауіпсіздік туралы заң жобасын әзірледік. Осыған қатысты бірқатар өзгеріс Мәжіліске ұсынылды. Зертханалық лабораторияларды жоғары технологиялармен де қамтамасыз ету тапсырылды. Бұл мақсаттарға республикалық бюджеттін 4,7 млрд теңге бөлу қарастырылған. Жолдаудың тағы бір маңызды мәселесі медицина саласына қомақты қаржы бөлу тапсырмасы болды», деді Алексей Цой.

Министр бұл мақсаттарды жүзеге асыру үшін инвестициялық жобалар жүзеге асырылатынын айтты.

«Оның аясында 20 заманауи аурухана мен 2 инновациялық орталық салуды жоспарға енгізілген. Өңірлік ұйымдарды дамыту мақсатында 20 нысанды қайта жаңғыртуды 85 млрд теңгеге жүзеге асыруды жоспарлап отырмыз. Дәрі-дәрмекпен қамту тапсырмасын орындау аясында жыл сайын 231 млрд теңге бөлінеді», деді ол.