• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Әлем 02 Қыркүйек, 2021

Көшелерге адам танитын камера орнатылып жатыр

421 рет
көрсетілді

Қырғызстанның ірі қалаларында «Қауіпсіз қала» жобасының екінші кезеңі басталды, деп жазады Egemen.kz.

Орталық Азия жаңалықтар қызметінің жазуынша, тәулік бойы жұмыс істейтін бақылау кешендері Бішкек, Ош, Токмак, Кант және Жалал-Абад қалаларында орнатылды. Ондағы камералар кісі таниды және жол ережелерінің бұзылғанын тіркейді.

Қырғызстанда «Қауіпсіз қала» жобасы 2019 жылғы ақпанда қолға алынды. Алғашқы кезеңінде Бішкек пен Шу облысына 110 бақылау камерасы орнатылды.

«Қауіпсіз қала» жобасы іске қосылғалы бері 2,4 млн жол ережесін бұзу оқиғасы тіркеліп, 1,6 млн сом айыппұл төлеген.