Талибан қозғалысының өкілі мен Ауғанстан Ислам Әмірлігі келіссөз тобының мүшесі Мұхаммед Сухаил Шахин қозғалыс басшылығының атынан Өзбекстанға тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай құттықтау жолдады. Бұл туралы Өзбекстан Сыртқы істер министрлігі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Өзбекстан Сыртқы істер министрлігіне жіберілген құттықтауда «Біз бауырлас Өзбекстан елінің басшылығы мен халқын Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймыз. Көршілес Өзбекстанмен жемісті және достық қарым-қатынас орнатқымыз келеді», деп жазылған.
Сонымен қатар Өзбекстанмен бірлесе отырып Ауғанстанда теміржол және электр желілерін салу жобасын жүзеге асыруға мүдделі екенін жазған.
«Ауғанстан Ислам Әмірлігі өзбек серіктестерге осы бағытта барлық қажетті көмекті көрсетеді», делінген құттықтауда.