• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
24 Қаңтар, 2014

Оңтүстік Судан үкіметі мен ереуілшілер бейбіт келісімге келді

652 рет
көрсетілді

Оңтүстік Судан үкіметі ереуілшілермен бейбіт келісімге келді. Бұл туралы 24.kz хабарлады.

Эфиопия астанасы Аддис-Абеба қаласында Шығыс Африканың дамуына арналған үкіметаралық ұйым бастамасымен өткізілген келіссөзде тараптар бір ай бойы жалғасып келе жатқан қиян-кескі ұрыстарды тоқтатуға уағдаласты. Бірнеше күн бұрын аталған ұйым өкілдері бітімгершілік операциясы аясында Оңтүстік Суданға 5,5 мың сарбаз жіберетінін мәлімдеген еді.

Естеріңізге сала кетейік, Судандағы ұлтаралық қақтығыс бір ай бұрын басталған болатын. Елде үстемдік етіп отырған динка тайпасы, оның басшысы Сальваторе Киир, сонымен қатар, нуэр тайпасы мен оның көсемі Риек Мачар билік үшін өзара күреске түсті.

Lenta.ru сайтының хабарлауынша, 2011 жылы Суданнан тәуелсіздік алған Оңтүстік Судан мемлекетіндегі азаматтық соғыстан бірнеше мың адам қаза тапқан. Ал БҰҰ мұндағы 400 мың  бейбіт тұрғынның үйлерін тастап, шетел асып кетуге мәжбүр болғанын мәлімдеген еді.

«Біз қарулы қақтығыстарды доғару туралы келісімге қол қойдық. Бірақ, елдегі атыс-шабысты тоқтату қиын болады, өйткені көтерілісшілердің көбісі қарапайым тұрғындар. Олар әскери тәртіпті, ережені біле бермейді. Дәл осы азаматтардың бұйрыққа көнбеуі мүмкін деп қорқамын», – дейді Оңтүстік Судан үкіметі делегациясының жетекшісі Ниал Денг. Айдар Өрісбаев.

Дереккөз: 24.kz

Фото: Lenta.ru

Соңғы жаңалықтар