• RUB:
    4.82
  • USD:
    443.35
  • EUR:
    475.54
Басты сайтқа өту
Білім 03 Қыркүйек, 2021

Мамандар даярлауға қолдау көрсетіледі

90 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында берілген тапсырмаларды орындауға арналған Үкімет отырысында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин IT-мамандарды даярлау жұмысына тоқталды.

«Мемлекет басшысы өз Жол­дауында атап өткендей, «отан­дық IT-секторды дамыту және нығай­ту маңызды. Елге жас, білімді, ынталы мамандар қажет. Бүгі­н­де елімізде IT-секторында кадр­лардың айтарлықтай жоғары тап­шылығы қалыптасты. Бұл эконо­микалық бәсекеге қабілеттілік­ке қолжеткізуге мүмкіндік бер­мей­ді», дейді Б.Мусин.

Осы орайда ведомство басшысы ел Президентінің 100 мың жоғары білікті IT-маманды даярлау жөніндегі тапсырмасын іске асыру мақсатында орындалатын іс-шараларға тоқталды.

Біріншіден, жыл сайын жеке IT-мектептерде оқыту үшін IT-ваучерлер берілетін болады. Осылайша, жеке ақпараттық техно­логиялар мектептері нары­ғына қол­дау жасалып, 2025 жыл­ға дейін 20 мың IT-ваучер бері­леді. Бұл ша­ра барлық ниет білдіру­ші­лерге на­рықта құрылатын жоға­ры дәре­желі IT-мектептерінде IT-маман­дарын қайта оқытуға мүмкіндік береді.

Екіншіден, Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп IT-ма­мандықтары бойынша бағдар­ламаларды өзгертуге дайындық жүргізілуде.

Үшіншіден, университеттермен ақпараттық технология­лар дағдылары бар салалық мамандарды даярлау мақсатын­да IT-мамандықтарды бейінді өндірістермен біріктіру бойынша жұмыстар жүргізілуде.

«Мемлекет басшысы белгі­леген екінші бағыт – ұлттық компания­лардың IT-нарығымен тығыз өзара іс-қимылын қамтама­сыз ету. Бұл үшін отандық бағ­дар­ламалық қамтылым тізілімі әзір­леніп қойылған. Осы тізілім арқылы өнімдерді бір көзден сатып алу қарастырылған. Бұдан басқа бүгінде IT-нарығы мен ұлттық ком­паниялар арасында коллаборацияны қамтамасыз етуге арналған SIMP платформасы жұмыс істей­ді. Ұлттық компанияларды осы платформаға пайдалануға тартатын боламыз. Сонымен қатар IT-нарығын дамыту мақсатында 20 млн доллар сомасында венчур­лық ерте қаржыландыру қорын құру пысықталып жатыр. Мұның барлығы бізге, Қасым-Жомарт Кемелұлы атап өткендей, 2025 жылға қарай IT-қызметтері мен өнімдері экспортының көлемін кемінде 500 млн долларға арттыру бойынша алға қойылған мақсатқа қол жеткізуге мүмкіндік береді», деді министр.

 

«Егемен-ақпарат»