• RUB:
    5.52
  • USD:
    475.62
  • EUR:
    519.23
Басты сайтқа өту
Қоғам 03 Қыркүйек, 2021

Әскери қызметке шақырудың күзгі науқаны басталды

122 рет
көрсетілді

Елімізде әскерге шақырудың күзгі науқаны басталды. Ол осы жылдың соңына дейін жалғасады. Осы уақыт ішінде Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарының қатарын 18-27 жас аралығындағы он жеті мыңға жуық жас азамат толықтырады.

Жергілікті атқарушы органдар «Әскери қызмет жә­не әскери қызметшілердің мәр­тебесі туралы» заңға сәй­кес азаматтарды мерзімді әс­кери қызметке шақыруды ұйым­дастырып, қамтамасыз етеді. Әскерге алынған күннен бас­тап 12 ай қызмет атқарған әс­ке­ри қызметшілерді запасқа шы­ғару да жоспарлы тәртіппен жүргізіледі.

Екінші жыл қатарынан әс­керге шақыру науқаны пан­де­­мия жағдайында өтуде. Ко­ро­­на­вирусты жұқтыру қау­пін азайту үшін әскерге шақы­ры­лушыларды хабардар ету Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің 1414 қызметімен SMS-хабарламалар жіберу арқылы жүзеге асырылады.

Вирустық инфекциядан қо­сымша қорғаныс ПТР-тек­се­ру болып табылады. Әскерге шақырылушыларды екі рет тек­середі. Әскерге шақыру ке­зінде жинау пункттерінде және әскери бөлімдерге жаңа то­лық­тырулар келгеннен кейін. «Бар­лық сұрақтар бойынша аза­маттар электронды пош­та немесе қорғаныс істері жө­ніндегі департаменттердің әлеу­меттік желілердегі ресми ак­каунттары арқылы хабар­ла­са алады. Сыбайлас жем­қор­лық көріністері туралы хабар­­ламалар «Қарулы Күштер – адал­дық алаңы» жобалық кеңсе­лерінде және сенім телефондары арқылы қабылданады», деді Қарулы Күштер Бас штабы Ұйымдастыру-жұмылдыру жұ­мыс­тары департаментінің бас­тығы, полковник Сәкен Жүсіпов.

 

«Егемен-ақпарат»