• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Әлем 03 Қыркүйек, 2021

Парижде бір топ адам Олимпиада нысандарының салынуына қарсы шықты

279 рет
көрсетілді

2024 жылы Парижде өтетін Олимпиаданы ел тұрғындарының бірі қолдаса, бір тобы қарсы, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қолдамайтындардың бір тобы спорт нысандары салынатын аумақты қорғап, шеруге шықты. Өйткені мына үйлердің маңындағы аумақты 150 жыл бойы осы жердің тұрғындары өңдеп, күтім жасап, атадан балаға мирас етіп келеді. Енді бұл жерге билік жүзу орталығын салмақ. Шетелдік журналистерге арналған ғимарат та тұрғызылғалы жатыр. Мектеп жанынан жаңа жолдар тартылады. Бұдан басқа, аталған аймақта 14 мың спортшыны қабылдайтын Олимпиада қалашығы бой көтермек. Ал осы мәселеге наразылық бірнеше айдан бері жалғасып келеді. Әзірге билік тұрғындардың талабына құлақ аспай тұр. Белсенділер де райынан қайтар емес.

«Бізге «Қуаныңдар, сендерге тарту жасап жатырмыз» дейді. Қайдағы сыйлық? «Олимпиада тек жақсылық әкеледі» дейді, бұл да өтірік. Біздің аймақ ең тұрақсыз, ең кедей, экологиясы ең нашар және ковидтен ең қатты зардап шеккен өңірге айналды. Сена-Сан-Дени департаментіндегі Олимпиада ойындарына қатысты жобалардың ешбірі жергілікті тұрғындармен келісілмеген», дейді белсенді  Виан Гриво-Женес.