• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Әлем 03 Қыркүйек, 2021

Тәліптер Ауғанстанның басты серіктес елін атады

1165 рет
көрсетілді

Ауғанстан билігіне келген талибандар (Жоғарғы Соттың шешімі бойынша, Қазақстанда бұл қозғалысқа тыйым салынған) Қытайды негізгі халықаралық серіктес деп санайды, деп жазады Egemen.kz Daily Sabah  ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.

Бұл туралы талибан өкілі Забиулла Муджахид мәлімдеді.

«Қытай негізгі серіктесіміз бола отыра, дамуымызға мүмкіндіктер береді, өйткені Қытай біздің елге инвестиция салуға және қайта құру жұмыстарын қолдауға дайын», деді ол.

Муджахид «Талибан Қытайдың «Бір белдеу және бір жол» бастамасын жоғары бағалайтынын, себебі «ежелгі Жібек жолын жандандыратынын» айтты. Ол сонымен қатар Қытай Ауғанстандағы тау-кен өнеркәсібін қалпына келтіруге көмектеспек.

«Талибандар сонымен қатар Ресейді де маңызды серіктес деп санайды және Мәскеумен жақсы қарым-қатынаста болады», деп қосты Муджахид.

Кабулдағы Хамид Карзай атындағы халықаралық әуежай туралы айта отырып, Муджахид бұл мекеменің толықтай Талибанның бақылауында екенін, бірақ оған айтарлықтай зақым келгенін айтты.

«Әуежай алдағы үш күн ішінде тазартылып, қысқа мерзімде қайта салынуы тиіс. Қыркүйекте қайта жөндеу жұмыстары басталады деп сенемін», деді ол.