Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға 3 қыркүйек күні сағат 09:04-те болған.
«Бүгін 9 сағат 4 минутта Өрт сөндіру қызметіне Байқоңыр ауданы Иманбаева 4 мекенжайында орналасқан № 54 мектеп-лицейінде өрт болып жатыр деген хабар түсті. Өрт сөндірушілер келген кезде кіре берісте 1 қабаттағы төбе жабындысының бықсып жанып жатқаны анықталды. Өрт сөндірушілердің жедел әрі үйлесімді әрекетімен өрт 15 минут ішінде толығымен сөндірді», деп хабарлады ТЖД.
Өрт аумағы 8 шаршы метрді құрады. Оқушылар өрт сөндірушілер келгенше эвакуацияланған. Өрттен зардап шеккендер жоқ. Оқу процесі жалғасып жатыр.
Өрт сөндіруге 8 өрт сөндіруші мен 4 техника жұмылдырылды.