Пандемия кезінде компьютерлік томографияның суреттерін талдау үшін жасанды интеллект қолданылды. Бұл туралы ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Асқар Жамбақин мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Бұл медициналық деректерді толық цифрландыру, суреттер бойынша сақтау орындарын құру үшін қолайлы. Пандемия кезінде жасанды интеллект КТ суреттерін талдау үшін қолданылды делік, бұл тиімділікті едәуір арттырып, дәрігерлердің қолжетімділігіндегі сәйкессіздіктерді азайтты. Қазір дәл осындай технология онкологиялық ауруларды талдау үшін қолданылады. Барлық суреттерді талдау үшін жасанды интеллекті қолдану үшін медициналық мекемелерді осы жүйемен толық қамту міндеті қойылып отыр», деді Асқар Жамбақин ОКҚ-да Жолдауды талқылау жөніндегі сараптамалық кездесуде жоспарларымен бөлісу барысында.