КТ
Әлем • Кеше
Шенеуніктерге тойға баруға тыйым салынды
Қырғызстан Республикасының Премьер-министрі Ақылбек Жапаров шенеуніктерге тойға баруға тыйым салды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 25 Сәуір, 2024
Мигранттар туралы жүйелі әлеуметтік зерттеулер жүргізу қажет – Дархан Қыдырәлі
Крокуста болған қайғылы жағдайдан кейін елімізге ағылатын еңбек мигранттарының саны артатыны болжанып отыр. Сенатор Дархан Қыдырәлі өзінің депутаттық сауалында олардың біздің елімізге заңсыз келуіне байланысты ұлттық қауіпсіздікке әсер ететін проблемаларды көтерді, деп хабарлайды Egemen.kz жоғарғы Палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Білім • 25 Сәуір, 2024
Биыл Ақтау мектептерінде соңғы қоңырау соғылмайды
Ақтауда 25 мамырда өтетін «соңғы қоңырау» іс-шарасы өтпейтін болды. Бұл туралы қалалық білім бөлімі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Ауа райы • 25 Сәуір, 2024
Ұлытау облысында 2 градус аяз болады - синоптиктер
«Қазгидромет» мамандары 26 сәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қылмыс • 25 Сәуір, 2024
Индербор кентіндегі пәтер өртіне қатысы бар күдікті ұсталды
Атырау полицейлері өртке қатысы бар күдіктіні ұстап, қамауға алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 25 Сәуір, 2024
Қазақстанда жаңа жол белгілері пайда болады
Осы жылдың 1 мамырынан бастап «Жол қозғалысын реттеудің техникалық құралдары» ұлттық стандартына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар күшіне енеді, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 25 Сәуір, 2024
Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны Kaspi.kz қосымшасында тапсыруға болады
Kaspi.kz ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетімен, Цифрландыру министрлігімен және «ҰАТ» АҚ-пен бірлесіп, Қазақстан халқы үшін тағы бір онлайн-сервисті іске қосты. Енді 250-нысан бойынша активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны тура Kaspi.kz мобильді суперқосымшасының өзінде тапсыруға болады.
Технология • 25 Сәуір, 2024
Семейлік өнертапқыш денсаулыққа пайдалы құрылғы жасап шығарды
QEFO өнімінің басты ерекшелігі – QR коды, оны кез-келген смартфонның камерасы оңай сканерлеп, пайдаланушыға оның иесі туралы ақпарат береді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 24 Сәуір, 2024
Атырау облысына әскери күштер мен техникалар тартылады
Бүгін Премьер-министр Олжас Бектенов Атырау облысына жұмыс сапарымен келді. Премьер-министр Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын орындау аясында Атырау облысында су басу қаупін азайту үшін қабылданып жатқан іс-шаралардың барысын тексерді, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 24 Сәуір, 2024
Қазақстанда жұмыс істейтін шетелдіктердің саны нақтыланды
2024 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша Қазақстанда жергілікті атқарушы органдардың рұқсатымен 13 536 шетелдік азамат жұмыс істеп жүр, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 24 Сәуір, 2024
ӘМТ: Шекті үстемеден асырып сатқан дүкендер айыппұл арқалайды
Қостанай облысы бойынша Сауда және тұтынушыларды қорғау департаменті дүкендерге тексеру жүргізе бастайды. Мамандар дүкендерде сатылатын әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасының үстеме мөлшерін белгілейді. Олардың арасында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары: нан, қарақұмық, күріш, жұмыртқа және тағы басқа өнімдер бар, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 23 Сәуір, 2024
Алматының 212 тұрғынын кене шақты
Көктем мезгілі басталғалы бері Алматыда 200-ден астам адамды кене шаққан. Бұл туралы қаланың санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 23 Сәуір, 2024
Орал оқушылары мектепке қайта оралады
Орал қаласының білім беру бөлімі хабарлағандай, ертеңнен бастап облыс орталығындағы барлық 50 мектеп штаттық режимде жұмыс істейді, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 23 Сәуір, 2024
Астанада үлескерлерді алдаған алаяқ Ресейден табылды
2020-2023 жылдар аралығында құрылыс компаниясының басшысы болып, Астана қаласында премиум санатындағы пәтерлерді салу және сату сылтауымен алдын ала сөз байласу арқылы 200 үлескердің 4,3 млрд теңгеден астам қаржысын ұрлап кеткен алаяқ Ресейден табылды, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 23 Сәуір, 2024
4 облыс аумағында 8 жол бөлігі жабылды
Күн жылынып, қардың тез еруі салдарынан республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында су тасқыны болып, бірнеше жол бөліктері жабылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 22 Сәуір, 2024
Тасқынмен күрес: Еріктілер саны 43 мыңнан асты
Ел бойынша су тасқынымен күреске белсенді қатысып жатқан еріктілер саны 43 мыңнан асты. Олардың күшімен 6 640 тоннаға жуық гуманитарлық көмек жиналды, оның 4 048 тоннасы «қызыл» аймақтарға жеткізілді және зардап шеккен халыққа таратылды. Еріктілер халықты эвакуациялауға, гуманитарлық көмек жинауға және таратуға, бөгеттерді күшейтуге, сондай-ақ ыстық тамақпен қамтамасыз етуге қатысып, су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға көмек көрсетіп жүр, деп хабарлайды Egemen.kz Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 22 Сәуір, 2024
Су басқан өңірлердегі жағдай: 25 мыңға жуық адам өз үйлеріне оралды
Төтенше жағдайлар министрлігі елдегі су тасқынына қатысты жаңа мәліметтерді ұсынды, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 22 Сәуір, 2024
Республикалық маңызы бар автожолдарда қозғалыс шектелді
«ҚазАвтоЖол» республикалық маңызы бар автомобиль жолдарындағы су тасқыны жағдайы бойынша соңғы мәліметті жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 22 Сәуір, 2024
Алматыда жасөспірім қызға қатысты жыныстық зорлық-зомбылық жасаған күдікті ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Дін • 22 Сәуір, 2024
Шымкентте дін қызметкерлеріне арналған тренинг өтті
«Дін мәселелері бойынша білікті мамандар даярлау» жобасы аясында Шымкент қаласында ақпараттық-түсіндіру топтарының мүшелеріне арналған оқыту семинарлар мен тренингтер өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Дін • 22 Сәуір, 2024
Түркістан облысында дін мәселелері бойынша оқыту семинарлары өтті
«Дін мәселелері бойынша білікті мамандар даярлау» жобасы аясында Түркістан облысында ақпараттық-түсіндіру топтарының мүшелеріне арналған оқыту семинарлары мен тренингтер өтті, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 21 Сәуір, 2024
4 536 тұрғын үй, 2 767 аула аумағынан судың бағыты бұрылды
Төтенше жағдайлар министрлігінің өкілі Асқар Шәріп Орталық комуникациялар қызметі алаңында өткізілген брифингте Батыс Қазақстан және Атырау облыстарында Жайық өзенінде туындайтын су тасқынының екінші толқыны ерекше бақылауға алынғанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 20 Сәуір, 2024
Несиеге тәуелділік заңмен реттеледі
Халықтың екінші деңгейлі банктерден алған несиесі – 17,2 триллион теңгеден, қызыл сызықтан асып кетті. Мұның деңгейін төмендетуге бағытталған шаралар туралы осыған дейін жазғанбыз. Енді бұл мәселе заң шеңберінде реттеледі. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кредит беру кезінде тәуекелдерді барынша азайту және қарыз алушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын әзірледі, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 19 Сәуір, 2024
«Теракт жасаймын деп қорқытқан»: Атырау облысында 9-сынып оқушысы ұсталды
Атырау облысы ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері ҰҚКД АТО бөлімімен бірлесіп, облыс мектептерінің біріне оқитын 9-сынып оқушысын анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Оқиға • 19 Сәуір, 2024
Өскеменде 94 млн теңге ұрлаған екі күдікті ұсталды
Өскеменде белгісіз біреулер кеңседегі сейфті бұзып, 94 млн теңге ұрлап кеткен. Бұл туралы жәбірленушілер 5 сәуір күні қалалық полиция қызметкерлеріне хабарлаған, деп жазады Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Спорт • 19 Сәуір, 2024
Олимпиадаға іріктеу: Әлішер Ерғали жолдамаға жақындай түсті
Қырғызстан астанасы Бішкекте күрес түрлерінен Олимпиада жолдамасы сарапқа салынатын лицензиялық турнир өтіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz Оlympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Білім • 19 Сәуір, 2024
Астана мектептеріндегі теракт: полицейлер үндеу жолдады
Telegram мессенджерінде Астана мектептерінде жаппай терроризм ұйымдастырылатыны туралы хабарлама тарап жатыр. Осыған байланысты қалалық полиция басқармасы мәлімдеме жасады, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 18 Сәуір, 2024
Ақтөбеде спорт мектебінің екі тәрбиеленушісі қамауға алынды
11 сәуірде Есет батыр атындағы олимпиада резервінің мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінде сегізінші сынып оқушысы есінен танып қалған, кейінірек ол жедел жәрдем көлігінде қайтыс болған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 18 Сәуір, 2024
Миы шайқалған: Астанада оқушы мектеп терезесінен секіріп кетті
Дәрігерлер оқушының миы шайқалып, оң жақ білегі мен оң аяғы сынғанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 17 Сәуір, 2024
Павлодарлық оқушы Астана тұрғындарын терролық әрекет жасауға үндеді
Павлодар қаласының 10 жастағы оқушысы Астана тұрғындарын «Керуен» сауда орталығына шабуыл жасауға үндеген. Ол терактіге қатысқандарға бір миллион теңге берілетінін айтқан, деп хабарлайды Egemen.kz.