Білім • 25 Сәуір, 2024

Биыл Ақтау мектептерінде соңғы қоңырау соғылмайды

392 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтауда 25 мамырда өтетін «соңғы қоңырау» іс-шарасы өтпейтін болды. Бұл туралы қалалық білім бөлімі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Биыл Ақтау мектептерінде соңғы қоңырау соғылмайды

Фото: qazaqstan.tv

Биыл Ақтау қаласының мектептерінде дәстүрлі түрде өтетін «соңғы қоңырау» іс-шарасын өткізбеу шешімі қабылданды. Бұл туралы Lada.kz хабар таратты.

Қалалық білім бөлімі 2024 жылы оқу жылы 24 мамырда аяқталатынын хабарлады. Бұл күні мұғалімдер сынып сағаттарын ғана өткізеді.

«Соңғы қоңырау болмайды. Министрлік осындай шешім қабылдады. 12-15 маусым аралығында аттестаттар беріледі», деп хабарлады қалалық білім бөлімінің баспасөз қызметі.