Қоғам • 22 Сәуір, 2024

Тасқынмен күрес: Еріктілер саны 43 мыңнан асты

167 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ел бойынша су тасқынымен күреске белсенді қатысып жатқан еріктілер саны 43 мыңнан асты. Олардың күшімен 6 640 тоннаға жуық гуманитарлық көмек жиналды, оның 4 048 тоннасы «қызыл» аймақтарға жеткізілді және зардап шеккен халыққа таратылды. Еріктілер халықты эвакуациялауға, гуманитарлық көмек жинауға және таратуға, бөгеттерді күшейтуге, сондай-ақ ыстық тамақпен қамтамасыз етуге қатысып, су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға көмек көрсетіп жүр, деп хабарлайды Egemen.kz Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тасқынмен күрес: Еріктілер саны 43 мыңнан асты

Фото: ашық дереккөз

Ақтөбе облысында волонтерлердің бірлігі мен күшінің арқасында 308 тонна азық-түлік, 85 тонна азық-түлік емес қажетті тауарлар және 223 килограмм дәрі-дәрмек эвакуациялық пункттерге бөлінді. 10 мыңға жуық құтқарушы мен эвакуацияланған тұрғындар үшін ыстық тамақ ұйымдастырылды.

Атырау облысында еріктілер штабы шұғыл режимде жұмыс істеп тұр. Су тасқынына қарсы іс-шараларға 13 мыңнан астам волонтер жұмылдырылды. Гуманитарлық көмек қабылдау пунктінде осы күні 1 390 тоннадан астам тауар жиналды. Атырау қаласында бөгетті күшейту үшін 107 пункт орнатылған. Бөгет тұрғызу жұмыстары тәулік бойы жүргізіліп жатыр.  

Батыс Қазақстан облысындағы құтқару жұмыстарына 8 000 волонтер қатысты. Көмек жинау пункттерінде 415 тонна гуманитарлық көмек жиналды.

Қостанай облысында 3 500-ден астам ерікті тұрғындарды эвакуациялау жұмыстарына қатысты.

Шымкентке 1 500-ге жуық волонтер жұмылдырылып, олардың бір бөлігі зардап шеккен өңірлерге жол тартты.

Соңғы жаңалықтар

Аталар дәстүріне адалдық

Өшпес даңқ • Бүгін, 11:20

Жезді жәдігерлері

Көрме • Бүгін, 11:00

Елімізде 3 300 Жеңіс бар

Қоғам • Бүгін, 10:50

Құрметке лайық жандар

Инфографика • Бүгін, 10:30

Тарихи кездесу

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:50

Қызылжар қырандары

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:40

Ерікті болу – елдік іс

Архив • Бүгін, 09:30

Мәншүк есімі – АҚШ мұрағатында

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Бел жазбай жұмыс істеген балалар

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:50

Ерлердің еңселі ескерткіші

Аймақтар • Бүгін, 08:45

Отыз жасында опат болған оғлан

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:40

Жеңіске ерекше үлес қосқан өңір

Аймақтар • Бүгін, 08:30

Момышұлы ардақ тұтқан Мұхаметқұл

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:20

Аңдатпа

Аңдатпа • Бүгін, 08:15