Оқиға • 19 Сәуір, 2024

Өскеменде 94 млн теңге ұрлаған екі күдікті ұсталды

164 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өскеменде белгісіз біреулер кеңседегі сейфті бұзып, 94 млн теңге ұрлап кеткен. Бұл туралы жәбірленушілер 5 сәуір күні қалалық полиция қызметкерлеріне хабарлаған, деп жазады Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Өскеменде 94 млн теңге ұрлаған екі күдікті ұсталды

Фото: Polisia.kz

Қашу жолын алдын ала ойластырған күдіктілердің өзенге жетіп, үрлемелі қайықпен қаланың басқа аумағына өтіп кеткені анықталды.

Бірнеше күннен кейін полицейлер 45 және 38 жастағы екі күдіктіні ұстап, қамауға алған.

«Ұсталғандардың тұрғылықты жерінен қайық пен ұрланған ақша табылды. Қосымша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», делінген хабарламада.