Қоғам • 23 Сәуір, 2024

Алматының 212 тұрғынын кене шақты

283 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Көктем мезгілі басталғалы бері Алматыда 200-ден астам адамды кене шаққан. Бұл туралы қаланың санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматының 212 тұрғынын кене шақты

Фото: qyzyljarnews.kz

Қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Қасымхан Алпысбайұлы түсіндіргендей, медициналық мекемелерге жүгінген барлық тұрғынға шұғыл көмек көрсетілді.
«Кене шаққан 14 жасқа дейінгі балалар саны 59,4%-ды құрады, бұл 126 бала. Барлығына шұғыл медициналық көмек көрсетілді, көрсеткіштер бойынша кенеге қарсы иммуноглобулин енгізілді. Жыл басынан бері кене инфекциясы тіркелген жоқ», деді СЭК басшысы.

Мегаполисте орман алқаптарын, халықтың жаппай демалатын жерлерін кенеге қарсы өңдеу жұмыстары басталып кеткен. Осы жылдың 22 сәуіріндегі жағдай бойынша барлығы 1478,974 га (62,4%) өңделді, оның ішінде орман алқаптары – 1017,338 га. Қаланың барлық саябақтары мен скверлерінде өңдеу толық көлемде жүргізілді.