Фото: Видеоскрин
Абай облысының әкімдігі ұсынған ақпаратқа қарағанда, медициналық идентификатордың арқасында дәрігерлер науқас туралы қажетті ақпаратты бірнеше секундта біле алады.
Жас өнертапқыш Нұрлыхан Маратов бұл құрылғы егде жастағылар, спортшылар мен мүмкіндігі шектеулі жандар үшін пайдалы деп санайды.
Мектеп оқушысының айтуынша, ID құрылғы ағзаға зиянсыз, өйткені ол гипоаллергенді силикон мен нейлоннан жасалған.