Фото: ҰОК
Бүгін боз кілемге шыққан отандасымыз Әлішер Ерғали алғашқы айналымнан сүрінбей өтті. Ол 97 келі салмақта күш сынасты.
Әлішер қырғыз балуаны Андрей Ароновты 10:0 есебімен жеңіп, ширек финалға жолдама алды. Енді оның жартылай финалдағы қарсыласы - қытайлық Хабила.
Сондай-ақ 19 сәуірде 65 келі салмақта сынға түскен тағы бір ел спортшысы Маис Алиев 1/4 айналымда қытайлық Шао Юаньға есе жіберді.