Қоғам • 25 Сәуір, 2024

Қазақстанда жаңа жол белгілері пайда болады

292 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Осы жылдың 1 мамырынан бастап «Жол қозғалысын реттеудің техникалық құралдары» ұлттық стандартына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар күшіне енеді, деп жазады Egemen.kz.

Қазақстанда жаңа жол белгілері пайда болады

Фото: https: ksm.kz

Өзгерістерді Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті мен Сауда және интеграция министрлігінің Қазақстан стандарттау және метрология институты әзірлеген. Жаңа автожол белгілері жол қозғалысы қауіпсіздігін арттырып, жол қозғалысына қатысушылардың барлығына қолайлы болмақ. 

Негізгі инновациялық жаңа белгілер:

Міндетті сәйкестендіру белгісі: гибридті көліктерді қоспағанда, барлық электр көліктеріне қолданылуы тиіс. «Электр көлігі» белгісі:

пп
Жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ықтимал апаттардың алдын алу үшін тротуарларға орнату жоспарланған «Электр мотороллермен жүруге тыйым салынады» белгісі: 

лл

«Диагональды жаяу жүргіншілер өткелі» белгісі: 

щщ
«Параллель жолға ауысу» белгісі: 

ыы

«Параллель жүріс бөлігінің соңы» белгісі: 

рр
«Жол инфрақұрылымының қолжетімділігі мүгедектер мен тірек-қимыл аппараты бұзылған адамдар мен осы топтағы адамдарды тасымалдайтындар үшін де қолайлы ету үшін жасалды», делінген Қазақстан стандарттау және метрология институтының хабарламасында.

Айта кету керек, бұл белгілер Алматы мен Астана қалаларында тестілік режимде енгізіліп, тиімділігі айқындалған.