Дін • 22 Сәуір, 2024

Шымкентте дін қызметкерлеріне арналған тренинг өтті

221 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

«Дін мәселелері бойынша білікті мамандар даярлау» жобасы аясында Шымкент қаласында ақпараттық-түсіндіру топтарының мүшелеріне арналған оқыту семинарлар мен тренингтер өтті, деп хабарлайды Egemen.kz

Шымкентте дін қызметкерлеріне арналған тренинг өтті

Осы жылдың 17-18 сәуірінде Шымкент қаласындағы «City» қонақ үйінің мәжіліс залында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Дін істері комитетінің қолдауымен «Рухани жаңғыру» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен дін мәселері бойынша білікті мамандарды дайындауға бағытталған іс-шара өтті. Іс-шараға «Дін зерттеу орталығының», мешіттердің, орта және жоғары оқу орындарының және т.б мамандары, имамдары, психологтары мен теологтары қатысты. Жиында дін мәселелері бойынша түсіндіру тобының мүшелері – Заң ғылымдарының профессоры. ҚР терроризм және экстремизм мәселелерін зерттеу орталығының ҚҚ басшысы Кәкімжан Бишманов және театр педагогы, көркемсөз оқу шебері, жоғары категориялы кәсіби диктор Мұрат Абзелбаев дәріс оқыды.

э

Кәкімжан Бишманов «Қазақстанның дін туралы заңнамасы. Зайырлылық – мемлекеттік жүйенің және ұлттық қауіпсіздік туралы тұғыры, діни сезім бостандығы туралы түсінік» тақырыбында  жаһандық жағдайдағы терроризм мен діни экстремизмге қарсы күрестің құқықтық негіздерін тоқтала отырып, келесі кезекте «Зайырлылық және зайырлылық мемлекет ұғымы, үні, сипаты, мәні. Зайырлылық және дін зайырлылық этика негіздері» тақырыбында дін саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын, принциптерін түсіндірді.

э

Мұрат Абзелбаев «Тіл техникасы. Сөз әрекетінің элементтері. Ораторлық өнердің негіздері» тақырыбында сөйлеу техникасының меңгерудің тиімді жолдарын атап өтіп,  дұрыс тыныс алуды, үннің құлаққа жағымды, сөздің, буынның ашық, айқын болуына септігін тигізетін тәсілдерді бөлісті.

Сонымен қатар семинарлар мен тренингтер барысында қатысушылар тарапынан дәріскерлерге сұрақтар қойылды.