Коллаж: polisia.kz:
Жасөспірім анонимді Telegram-арна құрып, онда 21 сәуір күні Индер ауданындағы мектептерде теракт жасалатыны туралы хабарлама жариялаған. Жазбаға интернеттен жүктелген қарудың суреті бекітілген.
Қазіргі уақытта оқушының экстремизмге қатысты басқа да Telegram-арналарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.
ҚР ІІМ терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалатынын еске салды.