Жаңа ережелер жүйені барынша икемді, ашық және халыққа тиімді етуге бағытталған.
Емханаға тіркелу тәртібі қалай өзгереді?
Ең басты жаңалық – бұрынғы жыл сайын өтетін емхана таңдау науқаны тоқтатылады.
Бұған дейін азаматтар тек белгілі бір мерзімде ғана емханасын ауыстыра алатын болса, енді емхананы жылдың кез келген уақытында ауыстыруға мүмкіндік беріледі.
Дегенмен бір шектеу бар: адам емханасын жылына тек бір рет қана ауыстыра алады.
Жаңа емханаға тіркелген жағдайда қызмет көрсету келесі айдан бастап басталады.
Өскеменде тіс емханасының 53 қызметкеріне екі айдан бері жалақы төленбеген
Емхана таңдау еркіндігі сақталады
Азаматтар бұрынғыдай:
- мемлекеттік немесе жекеменшік емхананы таңдай алады;
- тұрғылықты жерін ауыстырса немесе емхана жабылса, басқа емханаға өте алады.
Бұл өзгерістер жүйені икемдірек ету үшін жасалып отыр.
Аумақ бойынша тіркелу тәртібі нақтыланады
Әр емханаға нақты қызмет көрсететін аумақ бекітіледі. Яғни белгілі бір көшелер мен тұрғын үйлер сол емханаға қарайды.
Егер жаңа емхана ашылса, жергілікті басқарма сол аймақтарды қайта бөліп отырады. Бұл пациенттерді тең бөлуге көмектеседі.
Негізгі ереже: көп жағдайда азамат өз ауданындағы емханаға тіркеледі, яғни жақын орналасқан медициналық мекеме қарастырады.
Ерекше санаттар
Кейбір топтарға бөлек ережелер қолданылады:
- жүкті әйелдер мен 5 жасқа дейінгі балалар тек тұрғылықты жері бойынша тіркеледі;
- 18 жасқа дейінгі бала міндетті түрде ата-анасының біреуі тіркелген емханада болуы керек;
- студенттер мен курсанттар өздері тұрған жеріне жақын емханаға тіркеле алады;
- әскери қызметшілерге уақытша (1 жылға) тіркеу енгізу жоспарланған.
ЕМС арқылы тіркеу болмайды
Ерікті медициналық сақтандыру (ДМС) арқылы емханаға тіркелу тәжірибесі алынып тасталады. Енді ЕМС қызметтері жеке келісімшарт негізінде көрсетіледі.
Жаңа өзгерістер қабылданса, азаматтар емхананы таңдауда еркінірек болады, бюрократия азаяды. Сонымен бірге медициналық ұйымдар арасындағы жүктеме тең бөлініп, қызмет көрсету жүйесі тиімдірек болмақ.
Еске салайық, Қазақстанда тегін медициналық көмек аясында берілген дәрі-дәрмектердің дәріханаларда сатылғаны анықталды.