Қоғам • 22 Сәуір, 2024

Су басқан өңірлердегі жағдай: 25 мыңға жуық адам өз үйлеріне оралды

113 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Төтенше жағдайлар министрлігі елдегі су тасқынына қатысты жаңа мәліметтерді ұсынды, деп жазады Egemen.kz.

Су басқан өңірлердегі жағдай: 25 мыңға жуық адам өз үйлеріне оралды

Фото: ОКҚ

Сандық мәліметке сүйенсек, ел бойынша 24 мың 496 адам өз үйлеріне оралып, 8 мың 850 адам, оның ішінде 3 мың 840 бала уақытша паналау бекеттерінде орналасқан.

11,5 миллионнан астам текше метр еріген қар суы шығарылып, 5,3 миллион қапшық және 1,5 миллионнан астам тонна инертті материал төсеу жұмыстары жүргізілген. 4 мың 608 тұрғын үй және 2 мың 774 аула аумағынан су бұрып әкетілген.