Дін • 22 Сәуір, 2024

Түркістан облысында дін мәселелері бойынша оқыту семинарлары өтті

165 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

«Дін мәселелері бойынша білікті мамандар даярлау» жобасы аясында Түркістан облысында ақпараттық-түсіндіру топтарының мүшелеріне арналған оқыту семинарлары мен тренингтер өтті, деп жазады Egemen.kz

Түркістан облысында дін мәселелері бойынша оқыту семинарлары өтті

2024 жылдың 16-17 сәуірінде Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті мәдениет орталығының мәжіліс залында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Дін істері комитетінің қолдауымен «Рухани жаңғыру» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен дін мәселері бойынша білікті мамандарды дайындауға бағытталған іс-шара өтті. Оған «Дін зерттеу орталығының», мешіттердің, орта және жоғары оқу орындарының мамандары, имамдары, психологтары мен теологтары қатысты. Жиында дін мәселелері бойынша түсіндіру тобының мүшелері – Заң ғылымдарының профессоры. ҚР терроризм және экстремизм мәселелерін зерттеу орталығының ҚҚ басшысы Кәкімжан Бишманов және театр педагогы, көркемсөз оқу шебері, жоғары категориялы кәсіби диктор Мұрат Абзелбаев дәріс оқыды.

э

Кәкімжан Бишманов «Қазақстанның дін туралы заңнамасы. Зайырлылық –  мемлекеттік жүйенің және ұлттық қауіпсіздік туралы тұғыры, діни сенім бостандығы туралы түсінік» тақырыбында  жаһандық жағдайдағы терроризм мен діни экстремизмге қарсы күрестің құқықтық негіздерін тоқтала отырып, келесі кезекте «Зайырлылық және зайырлылық мемлекет ұғымы, үні, сипаты, мәні. Зайырлылық және діни зайырлылық этика негіздері» тақырыбында дін саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын, принциптерін түсіндірді.

Мұрат Абзелбаев «Тіл техникасы. Сөз әрекетінің элементтері. Ораторлық өнердің негіздері» тақырыбында сөйлеу техникасын меңгерудің тиімді жолдарын атап өтіп, дұрыс тыныс алуды, үннің құлаққа жағымды, сөздің, буынның ашық, айқын болуына септігін тигізетін тәсілдерін бөлісті.

Сонымен қатар оқыту барысында қатысушылар тарапынан дәріскерлерге сұрақтар қойылып, мәнді жауаптар алынды.