Облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, Индербор кентіндегі пәтер өртіне қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.
«Индер аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері пәтер өртіне байланысты жедел іздестіру іс-шарасын жүргізді. Пәтер өртіне қатысы бар күдікті ұсталды. 31 жастағы күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды», деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.