Қоғам • 24 Сәуір, 2024

Қазақстанда жұмыс істейтін шетелдіктердің саны нақтыланды

211 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2024 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша Қазақстанда жергілікті атқарушы органдардың рұқсатымен 13 536 шетелдік азамат жұмыс істеп жүр, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстанда жұмыс істейтін шетелдіктердің саны нақтыланды

Фото: ҚР Еңбек министрлігі

Экономикалық қызмет түрлері бойынша шетелдік азматтар келесі салаларда жұмыс істейді:

  • құрылыс – 4297 адам (31,7%),
  • әкімшілік-көмекші қызметтер – 1629 адам (12%),
  • ауыл, орман және балық шаруашылығы – 1482 адам (10,9%),
  • тау-кен өнеркәсібі және карьерлерді қазу – 1285 адам (9,4%),
  • өңдеу өнеркәсібі – 1248 адам (9,2%),
  • кәсіптік, ғылыми және техникалық қызмет – 797 адам.(5,9%).

Еңбек мигранттары келетін елдер:

  • Қытай – 4011 адам (29,6%),
  • Өзбекстан – 1577 адам (11,6%),
  • Үндістан – 1187 адам (8,7%),
  • Түркия – 1058 адам (7,8%).

Еске сала кетейік, ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жыл сайын елге шетелдік мамандарды тартуға квота бөледі. 2024 жылы жалпы квота республикадағы жұмысқа қатысты 0,23% немесе 22 мың бірлік мөлшерінде белгіленді.

 

Қырмызы ЖҰМАҒАЛИҚЫЗЫ,

ЕҰУ студенті