КТ
Алматы • Бүгін, 17:00
Алматының бірнеше ауданында электр жарығы өшіп қалды
Алматының бірнеше ауданында электр энергиясы апатты жағдайда өшірілді. «Алатау жарық компаниясы» жариялаған мәліметке сәйкес, алғашқы өшіру сағат 15:40-та Шевченко көшесі маңында тіркелген. Апаттың себебі анықталып жатыр, ал электр қуатын бір сағат ішінде қалпына келтіру жоспарланған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • Кеше
Ержан Сәденов: Биыл 40 мың литрден асатын 593 мұнай өнімдерін әкету әрекеті тоқтатылды
Премьер-министр Олжас Бектенов жанар-жағармай материалдарының ішкі нарығындағы жағдайды бақылауды қамтамасыз ету және Қазақстаннан мұнай өнімдерінің заңсыз ағынын болдырмау жөніндегі тапсырмалардың орындалуы туралы есепті тыңдады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Энергетика • 03 Шілде, 2026
Курчатовта қуаты 700 МВт болатын жаңа электр стансасының құрылысы басталды
Курчатов қаласында қуаты 700 МВт болатын жаңа конденсациялық электр стансасының құрылысы басталды. Сонымен қатар, жобаның басталуына орай уақыт капсуласын салтанатты түрде қалау рәсімі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz
Қаржы • 03 Шілде, 2026
7 шілдеден бастап Қазақстанда барлық банкке бірыңғай QR-код жүйесі енгізіле бастайды
Қазақстанда 7 шілдеден бастап төлемдер мен ақша аударымдарына арналған бірыңғай QR-код жүйесі кезең-кезеңімен енгізіле бастайды. Ал жүйені толық іске қосу 2026 жылдың 19 шілдесіне жоспарланған, деп хабарлайды Egemen.kz
Экономика • 03 Шілде, 2026
Елімізде бензин, дизель және мұнай өнімдерінің экспортына тыйым ұзартылуы мүмкін
Гуманитарлық көмек және Үкімет шешімімен жүзеге асырылатын жеткізілімдер бұл шектеуге кірмейді, деп хабарлайды Egemen.kz
Үкімет • 03 Шілде, 2026
Алдағы күндері нөсер күтіледі: Бектенов гидрологиялық ахуал бойынша жиын өткізді
Премьер-министр Олжас Бектенов Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әріновтің, Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев пен Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Нұрлан Алдамжаровтың, сондай-ақ бірқатар өңір әкімдерінің қауіпті гидрологиялық құбылыстарға байланысты ел аумағындағы ахуал туралы есептерін тыңдады, деп хабарлайды Egemen.kz
Қоғам • 03 Шілде, 2026
Еліміздегі электромобильдер саны бір жылда 55,6%-ға өсті
Ұлттық статистика бюросының мәлімдеуінше, биылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша елімізде 24 634 электромобиль тіркелген. Соңғы 12 айда олардың саны 55,6%-ға артқан, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 03 Шілде, 2026
Ел аумағында ауа райына байланысты ескерту жарияланды
«Қазгидромет» 3 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады. Еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, кей жерлерде бұршақ күтіледі. Республика бойынша ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ғылым • 02 Шілде, 2026
Докторантураға түсуге құжат қабылдау басталды
Елімізде 2 шілдеден бастап докторантураға түсуге арналған емтиханға қатысуға өтініш қабылдау басталды. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігі мәлімдеді. Құжаттарды 3 тамызға дейін тапсыруға болады, деп хабарлайды Egemen.kz
Әлем • 02 Шілде, 2026
Қамшыбек Тәшиев 4 жылға сотталды
Қырғызстан Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің бұрынғы төрағасы Қамшыбек Тәшиевке билікті күшпен басып алуға әрекеттенді деген айып бойынша 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Алайда ол жазасын түзеу мекемесінде өтемейді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әскер • 02 Шілде, 2026
Көктемгі шақыру науқаны кезінде қанша азамат әскерге алынды?
Қазақстанда көктемгі мерзімді әскери қызметке шақыру науқаны аяқталды. Жарты жылда 18 бен 27 жас аралығындағы 21 мыңнан астам азамат әскерге кетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 02 Шілде, 2026
Жасанды интеллект несімен қауіпті?
Жасанды интеллект технологияларының қарқынды дамуы мен оған байланысты қауіптерді тиімді реттеу тетіктерінің жоқтығы апатты салдарға әкелуі мүмкін. Бұл туралы БҰҰ-ның жасанды интеллект жөніндегі тәуелсіз халықаралық ғылыми тобының алдын ала баяндамасында айтылды, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 01 Шілде, 2026
Қазақстан мен Ислам Даму Банкі стратегиялық әріптестікті кеңейтеді
Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Ислам даму банкінің президенті доктор Мұхаммед әл-Джассермен кездесу өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz
Мектеп • 01 Шілде, 2026
«Конституция негіздері», «Жеке қауіпсіздік»: Мектеп бағдарламасына жаңа пәндер енгізіледі
Жаңа оқу жылынан бастап мектепке енгізілетін жаңа міндетті пәндердің ішінде «Конституция негіздері» және «Жеке қауіпсіздік» бар. Үкімет отырысында жаңа Конституция нормаларына сәйкес оқу жоспарлары мен стандарттарын қайта қарау туралы Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова айтып берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң мен Тәртіп • 01 Шілде, 2026
Түркістан облысында пара алған мектеп директоры сотталды
Түркістан облысында мектептің бұрынғы директоры лауазымын теріс пайдаланып, міндетті тестілеу және аттестаттау комиссиясынан өтпеген мұғалімдерге біліктілік санаттарын заңсыз беріп, пара алған, деп хабарлайды Egemen.kz Бас прокуратураға сілтеме жасап.
Қоғам • 01 Шілде, 2026
Енді электросамокаттарға тіркеу нөмірі беріледі
Енді әрбір жалған берілетін электросамокатқа тіркеу нөмірі беріледі. Бұл жол қозғалысы ережелерін бұзғандарды бейнебақылау камералары арқылы анықтауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар пайдаланушылар үшін азаматтық-құқықтық жауапкершілікті міндетті сақтандыру талабы енгізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Энергетика • 01 Шілде, 2026
Жамбыл облысында Орталық Азиядағы ең ірі жел электр станциясының құрылысы басталды
29 маусымда Сарысу ауданында қуаттылығы 1 ГВт болатын жел электр станциясының құрылысына арналған капсула салу рәсімі өтті. Жоба жаңартылатын энергия көздері саласындағы әлемдік көшбасшылардың бірі саналатын Masdar компаниясымен бірлесіп жүзеге асырылып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Инфрақұрылым • 01 Шілде, 2026
Шығыс Қазақстанда жаңғыртудан өткен алғашқы теміржол вокзалдары пайдалануға берілді
Шығыс Қазақстан облысында жаңғырту жұмыстары аяқталған Риддер және Шемонаиха теміржол вокзалдары пайдалануға берілді. Жобалар Мемлекет басшысының тапсырмасымен жүзеге асырылып жатқан 124 теміржол вокзалын жаңғырту бағдарламасы аясында іске асырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ата заң • 01 Шілде, 2026
Жаңа Конституция: Қазақстанда волонтерлік пен қайырымдылыққа ресми мәртебе берілді
Бүгін республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы күшіне енді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асқан конституциялық реформа адам құқықтарын қорғауды күшейтуге, қоғамдық келісімді нығайтуға, тарихи-мәдени мұраны сақтауға және ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталған, деп хабарлайды Egemen.kz Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап.
Әлем • 30 Маусым, 2026
Монакодағы тұрғын үй маңындағы жарылыс теракт емес, қастандық деп бағаланды
Монако прокуратурасы 29 маусым күні кешке Франциямен шекараға жақын маңда болған жарылысқа қатысты істі кісі өлтіруге оқталу фактісі бойынша тергеп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz
Заң мен Тәртіп • 30 Маусым, 2026
Маңғыстау облысында жарты жылда 57 жер телімі мемлекет меншігіне қайтарылды
Биылғы жылдың алғашқы алты айында Маңғыстау облысында жалпы аумағы 3,6 мың гектарды құрайтын 57 жер телімі мемлекет меншігіне қайтарылды. Бұл туралы облыстық прокуратура мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz
Үкімет • 30 Маусым, 2026
Премьер-министр Олжас Бектенов «Самұрық-Қазына» АҚ директорлар кеңесінің отырысын өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz
Экономика • 29 Маусым, 2026
Қазақстан мен Германия жаңа бірлескен жобаларды іске асыруға келісті
Премьер-министр Олжас Бектенов пен Германияның федералды экономика және энергетика министрі Катерина Райхе экономикалық ынтымақтастық мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz
Білім • 29 Маусым, 2026
Жекеменшік мектептерді қаржыландыру тәртібі өзгереді: Мұғалімдер жұмыссыз қала ма?
Қазақстанда жекеменшік білім беру ұйымдарын мемлекеттік қаржыландыру тетігі өзгертіледі. Бұл туралы Оқу-ағарту вице-министрі Жайық Шарабасов мәлімдеді. Оның айтуынша, жаңа өзгерістер мемлекеттік қаражаттың артық жұмсалуына жол бермеуге бағытталған. Қазіргі таңда кейбір жекеменшік білім беру ұйымдарында субсидия көлемін арттыру мақсатында оқушылар мен мұғалімдердің жасанды түрде ауысу жағдайлары тіркелген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 29 Маусым, 2026
Бала амандығы: шаһардағы ауыр жүк көліктерінің қозғалысы қашан жүйеленеді?
Соңғы уақытта елімізде өрімдей балалардың өмірін қиған жол-көлік апаттары қоғамды алаңдатып отыр. Әсіресе, ауыр жүк көліктерінің қатысуымен болатын апаттардың зардабы орасан. Балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету – тек ата-ананың ғана емес, мемлекеттік органдардың да басты міндетінің бірі. Алайда бүгінде мектептер мен тұрғын үйлердің маңында ауыр жүк көліктерінің қозғалысы жиі байқалады. Мұндай келеңсіздіктер қайғылы жағдайларға әкеліп соқтырмауы үшін қандай жұмыстар атқарылып жатыр? Egemen.kz тілшісі мәселенің мән-жайын зерделеп көрді.
Елорда • 27 Маусым, 2026
Астанада бірқатар көшедегі көлік қозғалысына 1 шілдеге дейін шектеу енгізілді
Елордада екі көшенің жалғасқан учаскелерінде 1 шілдеге дейін көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізілді. Бұл туралы қалалық мониторинг және жедел әрекет ету орталығы мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 27 Маусым, 2026
Ақтөбе облысы аумағында республикалық автожол бөлігі уақытша жабылды
Бүгін сағат 17:00-ден бастап Ақтөбе облысындағы KAZ06 «РФ шекарасы (Самара бағыты) – Шымкент» республикалық маңызы бар автомобиль жолының 763-773 шақырым аралығы жабылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 27 Маусым, 2026
Жамбыл облысында мектепті жөндеу кезінде бюджет қаржысы негізсіз жұмсалғаны анықталды
Т. Рысқұлов ауданының прокуратурасы Қаныш Сәтбаев атындағы орта мектепті күрделі жөндеу кезінде мердігер ұйымға нақты орындалмаған жұмыстар үшін негізсіз 78 млн теңгеден астам қаражат төленгенін анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Энергетика • 27 Маусым, 2026
Жасанды интеллект Екібастұз ГРЭС-1 жұмысын тәулік бойы бақылауда
2026 жылды Мемлекет басшысы Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жариялау аясында Энергетика министрлігі энергетика саласын цифрлық трансформациялау бойынша жүйелі жұмыстар жүргізуде. Салалық компаниялармен бірлесіп заманауи цифрлық технологиялар енгізіліп, өндірістік процестер автоматтандырылып, интеллектуалды басқару жүйелері дамытылуда, деп хабарлайды Egemen.kz
Қоғам • 26 Маусым, 2026
1 шілдеде электр энергиясының бағасы өзгеріссіз қалады
Елімізде 1 шілдеден бастап электр энергиясына тарифті көтеру жоспарланбайды. Бұл туралы Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz