Қоғам • Бүгін, 12:28

Еліміздегі электромобильдер саны бір жылда 55,6%-ға өсті

1 мин
оқу үшін

Ұлттық статистика бюросының мәлімдеуінше, биылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша елімізде 24 634 электромобиль тіркелген. Соңғы 12 айда олардың саны 55,6%-ға артқан, деп хабарлайды Egemen.kz.

Еліміздегі электромобильдер саны бір жылда 55,6%-ға өсті

Фото: Ашық дереккөз

Электромобильдердің ең көп шоғырланған өңірі – Алматы қаласы. Бұған инфрақұрылымның жақсы дамуы, қуаттау станцияларының көптігі және тұрғындардың көліктің жаңа түрлеріне қызығушылығы әсер еткен. Алматыда 15 280 электромобиль тіркелген, бұл елдегі жалпы электромобиль паркінің шамамен 62%-ын құрайды.

Елімізде электромобильдерге жасыл нөмір беріледі

Екінші орында Астана қаласы – 2 885 электромобиль тіркелген.

2026 жылы Қазақстанға электромобильдер әкелуге жеңілдік берілмейді

Одан кейін Алматы облысы орналасқан – 1 589 электромобиль есепке алынған.

Электромобиль күдікті ойды сейілте ме?

Айта кетейік, Ішкі істер министрлігі көліктің мемлекеттік тіркеу нөмірін жақын туыстарға мұраға қалдыруға мүмкіндік берілетіндігін мәлімдеді. Жаңа тәртіпке сәйкес, бұрын пайдаланылған нөмірлерді мемлекеттік органдарға, шетелдік дипломатиялық өкілдіктер мен консулдық мекемелерге, сондай-ақ олардың қызметкерлері мен отбасы мүшелеріне рәсімдеуге болады.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстанға 2025 жылы BYD Destroyer 05 көліктерін әкелген азаматтар мемлекеттік кірістер органдарының әрекетіне наразылық білдірген еді.

Соңғы жаңалықтар