Фото: Offside.kz
1/32 финалдық кездесуде Рыбакина америкалық Кэти Макнеллиді (WTA рейтингінде 50-орын) екі сетте 6:1, 6:2 есебімен жеңді. Матч 1 сағат 11 минутқа созылды.
Ерлер арасындағы сында Александр Бублик франциялық Кирьян Жакені 6:3, 6:4, 7:6 (7:5) есебімен жеңді. Сөйтіп турнирдің үшінші айналымына өтті. Теннисшілер кортта 1 сағат 51 минут өнер көрсетті.
Уимблдон-2026 турнирі 29 маусымда басталған, 12 шілдеде аяқталады.