Аймақтар • Бүгін, 10:47

Шымкентте кәсіпкерлер мен шенеуніктерден ақша бопсалаған блогер ұсталды

1 мин
оқу үшін

Шымкентте әлеуметтік желідегі танымалдығын пайдаланып, кәсіпкерлер мен мемлекеттік қызметкерлерден ақша бопсалады деген күдікпен блогер мен оның үш сыбайласы ұсталды. Тергеу мәліметінше, олар беделге нұқсан келтіретін бейнежазбаларды жариялаймыз деп қорқытқан, деп хабарлайды Egemen.kz.

Шымкентте кәсіпкерлер мен шенеуніктерден ақша бопсалаған блогер ұсталды

Фото: видеодан алынған кадр

Шымкент қаласы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы ақша бопсалаумен айналысты деген күдікке ілінген топтың заңсыз әрекетінің жолын кесті.

Тергеу барысында Instagram әлеуметтік желісінде шамамен 150 мың оқырманы бар жергілікті блогердің үш сыбайласымен бірге кәсіпкерлер мен мемлекеттік қызметшілер туралы әдейі бейнематериалдар жинағаны анықталған.

Әкесінен зорлық көргенін айтқан танымал блогерге қатысты іс қозғалды

Алдын ала мәлімет бойынша, күдіктілер қызметтік міндеттерді орындау кезінде тәртіп бұзушылықтар мен кәсіпкерлік қызметке қатысты болуы мүмкін заң бұзушылықтарды негізге алып, түрлі бейнежазбалар түсірген.

Кейін сол материалдарды әлеуметтік желіде жарияламау үшін азаматтардан ақша талап еткен.

Блогер Ерболат Жанабылов пен жұбайына қатысты сот үкімі шықты

Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Айта кетейік, Ақтөбеде танысын бейнежазбаларды таратамын деп бопсалаған күдікті қамауға алынды.

Еске сала кетейік, Алматы қаласының Алмалы аудандық сотында жалған ақпарат таратты деп айыпталған заңгер әрі блогер Әділетхан Молдаханға қатысты сот процесі жалғасып жатыр. Алғашқы сот отырысында айыпталушы өзіне тағылған айыппен толық келісетінін мәлімдеген еді.

Соңғы жаңалықтар