Футбол • Бүгін, 12:56

519 минут қақпасына гол өткізбеді: Унаи Симон әлем чемпионатында рекорд жаңартты

1 мин
оқу үшін

Испания құрамасының қақпашысы Унаи Симон футболдан әлем чемпионаттары тарихында ең ұзақ уақыт гол жібермеген қақпашы атанып, бұған дейінгі рекордты жаңартты, деп хабарлайды Egemen.kz.

519 минут қақпасына гол өткізбеді: Унаи Симон әлем чемпионатында рекорд жаңартты

Испания құрамасының негізгі қақпашысы Унаи Симон футболдан әлем чемпионаты тарихындағы жаңа рекордтың авторы атанды. 29 жастағы голкипер әлем чемпионаты матчтарында 519 минут бойы өз қақпасына гол жібермей, бұған дейінгі үздік көрсеткішті жаңартты.

Осыған дейінгі рекорд Вальтер Дзенгаға тиесілі болатын. Италиялық қақпашы 1990 жылғы әлем чемпионатында 517 минут бойы өз қақпасын голдан аман сақтан еді.

Әлем чемпионаты: Криштиану Роналду рекорд жаңартты

Әлем чемпионаттары тарихындағы гол өткізбей ең ұзақ ойнаған қақпашылардың үздік жетілігі мынадай:

  • Унаи Симон (Испания) – 519 минут
  • Вальтер Дзенга (Италия) – 517 минут
  • Питер Шилтон (Англия) – 501 минут
  • Серхио Ромеро (Аргентина) – 486 минут
  • Икер Касильяс (Испания) – 477 минут
  • Зепп Майер (Германия) – 475 минут
  • Джанлуиджи Буффон (Италия) – 460 минут

Испания құрамасы келесі кездесуін Португалия ұлттық футбол құрамасына қарсы өткізеді. Унаи Симон өзінің рекордтық сериясын осы матчта да жалғастыруға мүмкіндік алады.

Еске сала кетейік, әлем чемпионатының 1/16 финалында Аустрия футболшыларымен ойнаған Испания құрамасы жеңіске жетіп, келесі кезеңге жолдама алды. 

Соңғы жаңалықтар