Футбол • Бүгін, 10:08

Испания құрамасы әлем чемпионатының 1/8 финалына шықты

1 мин
оқу үшін

Әлем чемпионатының 1/16 финалында Аустрия футболшыларымен ойнаған Испания құрамасы жеңіске жетіп, келесі кезеңге жолдама алды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Испания құрамасы әлем чемпионатының 1/8 финалына шықты

Фото: Report

Лос-Анджелестегі SoFi Stadium стадионында өткен кездесуде испаниялықтардың сапынан екі голды Микель Оярсабаль 36 және 89-минуттарда соқса, Педро Порро 66-минутта қақпаға дәл бағыттады. Осылайша, Испания құрамасы Аустрияны 3:0 есебімен жеңіп, доп додасының 1/8 финалына шықты.

Әлем чемпионатының 1/8 финалындағы 5 командалық жұп анықталды

Енді олар Хорватияны жеңген Португалия ойыншыларымен келесі кезеңде кездеседі.

Айта кетейік, әлем чемпионатының 1/16 финалында АҚШ құрамасы Босния және Герцеговинаны 2:0 есебімен жеңіп, турнирдің келесі кезеңіне жолдама алды. Сондай-ақ Бельгия құрамасы ғаламат камбэк жасап, жеңіске қол жеткізді.

Соңғы жаңалықтар