Полицияның мәліметінше, 27 жастағы елорда тұрғыны әпкесіне ерекше тосынсый жасауды көздеп, көпқабатты тұрғын үйдің ауласындағы автотұрақта пиротехникалық бұйымдарды пайдаланған.
Алайда түн тыныштығын бұзған қатты дыбыстан кейін тұрғындар полицияға шағымданған. Тексеру барысында құқық бұзушының жеке басы анықталды.
Нәтижесінде оған тыныштықты бұзу, елді мекен аумағында пиротехникалық бұйымдарды заңсыз пайдалану және ұсақ бұзақылық жасау баптары бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды. Кейін сот қаулысымен тиісті жауапкершілікке тартылды.
Адамдарға қарай бағытталған: Алматы саябағында отшашу атқандарды полиция іздеп жатыр
Полиция тұрғын үй аулаларында пиротехникалық бұйымдарды қолдану қоғамдық тәртіпті бұзып қана қоймай, айналадағы адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіруі мүмкін екенін еске салды.
Сондай-ақ құқық қорғау органдары азаматтарды мереке күндері өзгелердің тыныштығын құрметтеп, қоғамдық тәртіп пен қолданыстағы заң талаптарын сақтауға шақырды.
Еске салайық, бұған дейін Астанада туған күнін атап өтпек болған тұрғындардың бірі түнгі уақытта фейерверк атамын деп әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын хабарлаған едік.