Әлем • Бүгін, 11:47

Нью-Йоркте аптап ыстықтан асфальт еріп кеткен

1 мин
оқу үшін

Аптап ыстық дүниежүзінің көп аумағына әсер жатыр. Нью-Йорк қаласында ауа райының күрт ысуына байланысты асфальт еріп кеткен, деп хабарлайды Egemen.kz.

Нью-Йоркте аптап ыстықтан асфальт еріп кеткен

Фото: РИА Новости

Бейсенбі күні қалада ауа температурасы 38 градусқа дейін көтерілген. Болжам бойынша 44 градусқа дейін жететін аптап ыстық демалыс күндеріне дейін сақталуы мүмкін.

Еуропада аптап ыстықтан 1 300-ден астам адам көз жұмды

Аномалды жоғары температураға байланысты қаланың кейбір көшелерінде асфальт жұмсарып, ери бастаған. Тіпті жол жабынын қолмен де зақымдап алуға болатыны айтылды.

Қытай аптап ыстықпен күресудің ерекше тәсілін ойлап тапты

Бұған дейін Португалияда аптап ыстыққа байланысты қауіптің қызыл деңгейі жарияланғаны туралы хабарладық. 

Айта кетейік, Испанияда маусым айында аптап ыстықтан 1028 адам көз жұмды. Бұл соңғы онжылдықта тіркелген ең жоғары көрсеткіш болып отыр.

Соңғы жаңалықтар