Фото: sports.kz
Брил Эмболо 10-минутта мергендігімен көзге түссе, 46-минутта Дан Ндой көздеген нысанадан мүлт кеткен жоқ. Осылайша швейцариялық футболшылар қарсыласынан 2:0 есебімен басым түсті.
Айта кетейік, B тобында ойнаған Швейцария Канаданы 2:1, Босния және Герцогвинаны 4:1 есебімен жеңсе, Қатармен тең түсті. Нәтижесінде 7 ұпаймен бірінші орында плей-офф сатысына жолдама алды.
Әлем чемпионатының 1/8 финалындағы 5 командалық жұп анықталды
Еске салайық, қазірге дейін 1/8 финалға шыққан 13 құрама белгілі болды. Олардың қатарында Канада, Бразилия, Парагвай, Марокко, Норвегия, Франция, Мексика, Англия, Бельгия, АҚШ, Испания, Португалия құрамалары бар.
Айта кетейік, әлем чемпионатының 1/16 финалында Аустрия футболшыларымен ойнаған Испания құрамасы жеңіске жетіп, келесі кезеңге жолдама алды.