Қоғам • Бүгін, 13:20

Елімізде кісі өліміне қатысты қылмыс 9%-ға азайды

2 мин
оқу үшін

Алты айдың қорытындысы бойынша Қазақстанда тіркелген қылмыстар саны 10%-ға азайды. Сонымен қатар ең көп таралған құқық бұзушылықтар бойынша қылмыстардың ашылу көрсеткіші артып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елімізде кісі өліміне қатысты қылмыс 9%-ға азайды

Фото: Polisia.kz

Ішкі істер министрлігі ауыр және мүліктік қылмыстармен күресте, іздеуде жүрген қылмыскерлерді ұстауда, қылмыстық топтардың жолын кесуде және заңсыз көші-қонға қарсы іс-қимылда оң нәтижелерге қол жеткізілгенін мәлімдеді.

ІІМ криминалдық полиция департаментінің бастығы Қанат Нұрмағамбетовтің айтуынша, басты міндет – азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Алты айда елімізде қылмыстар саны 10%-ға төмендеді.

«Аса ауыр қылмыстармен күрес ерекше назарда. Кісі өлтіру қылмысы 9%-ға азайды. Өткен жылдардағы қылмыстарды ашу жұмыстары жалғасып жатыр. Жыл басынан бері 15 кісі өлтіру, 19 ауыр дене жарақатын келтіру фактісі, 7 зорлау және 31 бұзақылық қылмысы ашылды», деді ол.

Қазақстанда 1990 жылдары жасалған ауыр қылмыстардың беті ашылды

Оның сөзінше, ұрлықтар қылмысы да 16%-ға азайып, олардың ашылу деңгейі артты.

«Ұрлық жасағаны үшін 5 мыңнан астам адам ұсталып, шамамен 600 қылмыстық топтың қызметі тоқтатылды. Мал ұрлығына қарсы күрес бойынша 119 адам ұсталып, 28 қылмыстық топтың жұмысы тоқтатылды», деді криминальдық ПД бастығы.

Ұрлық, бопсалау, алаяқтық: Қарағанды облысында қылмыстық топ ұсталды

Қ. Нұрмағамбетовтің келтірген дерегінше, 6 ай ішінде іздеуде жүрген 678 адам ұсталды, олардың 90-ы шетел аумағында. 28 қылмыскер елге экстрадицияланды, 14 адам депортацияланды.

«Сонымен қатар 362 азаматтың жүрген жері анықталды. Заңсыз көші-қонға қарсы іс-қимыл жалғасып жатыр. Павлодар облысында екі заңсыз көші-қон арнасы анықталды. Осындай қылмыстық схемалар Шымкент қаласы мен Маңғыстау облысында да жойылды. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасып жатыр», деді Қанат Нұрмағамбетов.

Еске салайық, көші-қон заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету бойынша тексеру барысында Алматыда бір бөлмелі пәтерге 990 адам тіркелгені анықталды. 

Соңғы жаңалықтар