Алдағы екі күнде елдің біраз аумағында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Демалыста республиканың барлық аумағында қатты жаңбыр күтіледі. Сондай-ақ жел күшейіп, бұршақ жауып, дауыл тұруы мүмкін. Қазақстанның оңтүстігінде шаңды дауыл болжанады, ал республиканың солтүстігінде түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман күтіледі.
Республиканың басым бөлігінде ауа температурасы біртіндеп жоғарылайды. 5-6 шілдеде күндіз батыс пен орталық өңірлерде ауа температурасы +35…+39°C-қа дейін қатты ыстық болады. Оңтүстік-батыста +40°C-қа дейін, ал солтүстік-батыста +35°C-қа дейін жетеді. Шығыс өңірлерде бүкіл кезең бойы +35…+37°C-қа дейінгі аптап ыстық сақталады.
Португалияда аптап ыстыққа байланысты қауіптің қызыл деңгейі жарияланды
Еске салайық, бүгін ел аумағында ауа райына байланысты ескерту жарияланды. Еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, кей жерлерде бұршақ күтіледі.