Ауа райы • Бүгін, 09:33

Ел аумағында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

1 мин
оқу үшін

«Қазгидромет» 3 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады. Еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, кей жерлерде бұршақ күтіледі. Республика бойынша ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ел аумағында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Фото: Depositphotos.com

Бүгін еліміздің көп бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік, орталық және шығыс өңірлерде бұршақ жауып, желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Петропавлда желдің екпіні 23 м/с-қа дейін, Қонаевта кей уақытта 25 м/с-қа дейін жетеді.

Оңтүстік және батыс өңірлердің басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Атырау мен Өскеменде күндіз ауа температурасы +32...+34°C, Түркістанда +31...+33°C, Шымкентте +30...+32°C болады.

Қазақстанда шілде айында 44 градусқа дейін күн ысиды

Астанада күн бұлтты, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ жаууы мүмкін. Желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді.

Алматыда күн бұлтты, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.

Шымкентте жауын-шашын күтілмейді. Желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді.

Еуропада аптап ыстықтан 1 300-ден астам адам көз жұмды

Соңғы жаңалықтар