Оқиға • Бүгін, 10:33

120 млн теңгені жымқыру ісі: «Таза Өскеменнің» экс-директоры бас бостандығынан айырылды

1 мин
оқу үшін

Шығыс Қазақстан облысында қала жолдарын күтіп ұстауға бөлінген 120 млн теңгеден астам бюджет қаражатын жымқыру ісі бойынша сот үкімі шықты. Тергеу мәліметінше, 2022-2023 жылдары күдіктілер мемлекеттік сатып алу рәсімдерін өткізбей, бюджет қаражатын өзара байланысты коммерциялық ұйымдардың есепшоттарына заңсыз аударып отырған, деп хабарлайды Egemen.kz.

120 млн теңгені жымқыру ісі: «Таза Өскеменнің» экс-директоры бас бостандығынан айырылды

Фото: Жоғарғы Сот

Қаржылық мониторинг агенттігі тергеуді 2025 жылдың қараша айында бастаған. Іс аясында «Таза Өскемен» коммуналдық кәсіпорнының бұрынғы директоры, оның орынбасары және жеке кәсіпкер айыпталушы ретінде сот алдында жауап берді.

Олар құжаттарда битум мен құм сатып алу, цистернасы бар арнайы техниканы жалға алу туралы жалған мәліметтер көрсеткен. Бұдан бөлек, қалада бұрыннан орнатылған 23 аялдамаға материал сатып алынды деген жалған есеп тапсырғаны анықталған.

«Қазақмыстан» 2,1 млн теңгенің қорғаныс құралын жымқырған қызметкер сотталды

Сот үкіміне сәйкес, «Таза Өскеменнің» бұрынғы директоры 6 жылға, оның орынбасары 5 жыл 6 айға, ал жеке кәсіпкер 5 жылға орташа қауіпсіздік мекемесінде бас бостандығынан айырылды.

Сонымен қатар сотталғандардың әрқайсысы жәбірленушілерге өтемақы қорына 69 мың теңгеден аударуға, 611 мың теңге көлемінде мемлекеттік баж төлеуге және мемлекетке келтірілген 61 миллион теңге материалдық шығынды өтеуге міндеттелді.

Субсидияны жымқырып, казиноға жұмсаған: Талдықорғанда зауыттың экс-директоры сотталды

Еске салайық, Сарыағаш ауданында екі әлеуметтік орталық 13,3 млн теңге бюджет қаражатын жымқырғанын хабарлаған едік.

Айта кетейік, Алматы облысында 251 млн теңге субсидия жымқырғандарға сот үкімі шықты.

Соңғы жаңалықтар